Білімді жаңашаландыру
Сабақтың тақырыбы
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Жалпы мақсаты
- Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысқа қатысты терминдерді ағылшын тілінде меңгерту.
- Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдам жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Құрамын, маңызын және өмірдегі қолданылуын талқылау.
Күтілетін нәтижелер
Кейбір оқушылар:
Терминдерді ағылшын тілінде меңгереді және реакция теңдеулерін теңестіре алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Қосылыстардың адам өміріндегі маңызы мен қолданылуын талқылап, есте сақтайды.
Барлық оқушылар:
Қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты бір-біріне түсіндіре отырып, білімін тереңдетеді және жылдамдыққа дағдыланады.
Негізгі идеялар
- Генетикалық байланыс ұғымын нақтылау.
- Термин сөздер арқылы пәндік тілді дамыту.
- Маңызы мен қолданылуы бойынша талдау жасау.
- Алынуы және түрлену жолдарын түсіндіру.
Қолданылатын әдістер
1) Ой қозғау
Видеокөрсетілім арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.
2) Білімді жаңғырту
Тірек ұғымдарды еске түсіру және жүйелеу.
3) Демонстрациялық тәжірибе
Генетикалық байланысты тәжірибе арқылы көрсету.
4) Химиялық эстафета
Теңдеулерді жылдам әрі дұрыс теңестіруге жаттықтыру.
5) Постер жасау
Топтық жұмыс арқылы қорытындылау және визуализациялау.
6) Критериалды бағалау
Нәтижені нақты критерийлер бойынша бағалау.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сыныпты топқа бөлу.
- Оқушыларға сәттілік тілеп, сабаққа мотивация беру.
II. Ой қозғау
Электронды тақтадан генетикалық байланыс тақырыбына қатысты бейнематериал көрсетіледі. Мақсат — жаңа тақырыпқа қызығушылық оятып, бастапқы түсінік қалыптастыру.
III. Білімді жаңғырту (Definition)
Бұл бөлімде негізгі терминдерді түсініп, есте сақтау және оларды ағылшын тіліндегі баламаларымен байланыстыру көзделеді.
Генетикалық байланыс — Genetic relationship
Күкірт қышқылы — Sulfuric acid (H2SO4)
Күшті негіздер — Strong bases
Мысалы: NaOH — Sodium hydroxide
Әлсіз негіздер — Weak bases
Мысалы: Fe(OH)2 — Iron(II) hydroxide
Тұздар (Salts) — Neutral salts, Acid salts, Basic salts
Орта тұздар
Neutral salts
Қышқыл тұздар
Acid salts
Негіздік тұздар
Basic salts
Кальций оксиді — Calcium oxide (CaO)
IV. Тақырыпты кеңінен ашу: демонстрациялық тәжірибе
Мұғалім генетикалық байланысты көрсететін тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтерді таныстырады. Оқушылар бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасап, қосылыстардың бір түрден екінші түрге айналу жолдарын талдайды.
Негізгі назар: құрам, алыну жолы, реакция теңдеулерін теңестіру және қолданылуы.
Автор туралы мәлімет
Астана қаласы, №53 мектеп-лицейінің химия және биология пәні мұғалімі: Князова А. К.
Тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс».