Жабайы жануарлар - табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімді
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Бұл сабақ 2-сынып оқушыларына жабайы және үй жануарларын ажыратуды үйретуге, жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және төлдері туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған.
Жалпы мақсаттары
- Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру.
- Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және төлдері туралы мағлұмат беру.
Оқыту нәтижесі
- Оқушылар жабайы және үй жануарларын ажырата алады.
- Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және төлдері туралы білім алады.
Әдіс-тәсілдер және модульдер
7 модуль аясында
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Қолданылатын ресурстар
- АКТ (слайдтар)
- Суреттер
- Тірек-сызбалар
- A4 қағаз
I. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді әрі достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрайық және көтеріңкі көңіл күйімізді бір-бірімізге сыйлайық.
Өлең жолдары
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Кубизм әдісі (сұрақ-жауап)
- 1. Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады? Неліктен?
- 2. Аю жануарлардың қай тобына жатады? Неліктен?
- 3. Жылан жануарлардың қай тобына жатады? Неліктен?
- 4. Жануарлардың тіршілігі үшін не қажет?
- 5. Күн жарығы жануарлардың тіршілігі үшін қажет екенін дәлелде.
- 6. Қыста ұйқыға жататын аңдарды ата.
Топқа бөлу және жаңа сабақ
Ой қозғау
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығу: «жануар».
Топқа бөлу тәсілі
Жануарлардың суретін (мысалы, жылқы және түлкі) таңдауы арқылы екі топқа бөлінеді.
Сөзжұмбаққа тірек сөздер
Слайдпен жұмыс
«Жануарлар туралы не білесіңдер?» сұрағы бойынша оқушылар тірек-сызбаны пайдаланып әңгімелейді.
Үй жануарлары
Адамның жанында тіршілік ететін, адам қамқорлық жасайтын жануарлар.
Жабайы жануарлар
Табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейім жануарлар. Олар қорегін табудың жолын біледі және өздерін қорғай алады.
Екі топтың тапсырмасы
1-топ: Үй жануарлары
«Неліктен біз оларды үй жануарлары дейміз?» сұрағына дәлел келтіріңдер.
- Адамның жанында тіршілік етеді.
- Адам қамқор болады: күтеді, емдейді, қоректендіреді.
- Қора, үйшік сияқты паналау орны жасайды.
2-топ: Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлардың тіршілігін сипаттаңдар: мекені, қорегі, қорғануы.
- Орманда, тауда, далада мекендейді.
- Өзін-өзі қорғайды, қорек табады.
- Төлдеріне өздері қамқорлық жасайды.
- Ін қазып, үңгірлерді паналайды.
Ұқсастығы
Үй жануарлары да, жабайы жануарлар да төлдейді.
Оқулықпен жұмыс
Тапсырма: жануарларды тиісті топқа орналастыру (үй жануарлары және жабайы жануарлар).
Қорытынды сұрақ: Жануарды қай белгілеріне қарап үй немесе жабайы екенін анықтаймыз?