Қыс сипаты

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Қыс» өлеңі (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Абайдың өмірі мен шығармашылығы, табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. «Қыс» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегін кеңейту.

Тәрбиелік

Әдебиетке сүйіспеншілігін оята отырып, туған табиғатты аялауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Сатылай кешенді талдау
  • Венн диаграммасы
  • Топпен жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа назар аударту, оқушылардың қатысуын тексеру, жұмысқа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Өзен» өлеңі

Өлеңді жатқа айту және талдау бойынша дайындықты тексеру.

Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша шолу (сұрақтар)

  1. Ыбырай Алтынсарин кім болған?
  2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  3. Оны тәрбиелеген Балқожа өз заманында қандай қызмет атқарған?
  4. Ыбырайдың білімге қызығушылығы қашаннан басталды?
  5. Мектеп ашуына қандай жағдайлар себеп болды?
  6. Алғашқы қазақ мектебі қай жылы, қай қалада ашылды?
  7. Ең алғашқы оқулығы қалай аталды, ол қандай бөлімдерге бөлінді?
  8. Оқулықтың алғашқы беті Ыбырайдың қай өлеңімен басталады?
  9. Жаңадан ашқан мектептері қай қалаларда болды?
  10. Ыбырайдың қандай өлеңдері, төл әңгімелері, аудармалары бар?
  11. Өмірінің соңына дейін қай салада, қандай қызметте жұмыс істеді? Қай жылы дүниеден өтті?

III. Жаңа сабақ

Кіріспе (ой қозғау)

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

1) Абай өміріне қысқаша шолу

Абай Құнанбаев 1845 жылы тамыз айында Шығыс Қазақстан өңіріндегі Шыңғыстауда дүниеге келген.

2) Табиғат лирикасы туралы

Табиғат — адамның өмір сүретін ортасы. Абайдың төрт мезгілге арналған өлеңдері ақынның орыс поэзиясын терең оқып, көркемдік үлгі тұтқан кезеңінде жазылған.

3) «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы — үскірік, аяз бен қар,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Оқу мақсаты

  • Интонация мен ырғақты сақтап оқу
  • Кейіптеуді анықтау
  • Бейнелі сөздерге назар аудару

4) Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау

Негізгі мәліметтер

Автор:
Абай Құнанбаев
Тақырып:
Қыс
Жанр:
Өлең

Мағыналық мәні

  • Негізгі: мезгілді білдіреді.
  • Туынды: іс-әрекетті, қимылды аңғартады.

Көркемдік тәсіл

Өлең кейіптеу тәсілімен жазылған: жансыз құбылысқа жан бітіре отырып суреттеу.

Құрылымдық ерекшеліктері

  • Шумақ саны: 6
  • Тармақ саны: 5 шумақ — 4 тармақ, соңғы шумақ — 2 тармақ
  • Бунақ: 3
  • Буын: 11
  • Ұйқас: 1-шумақ — қара өлең ұйқасы, қалған шумақтар — аралас ұйқас

5) Ойтолғау: «Қыс сипаты»

Оқушылар қыс мезгілінің көрінісін, көңіл күйін, әсерін сипаттап, қыс туралы қысқа ойтолғау жазады.

  • Кейіптеу мен теңеуді қолдану
  • Кемінде 5–7 сөйлем құрау
  • Нақты деталь мен сезімді көрсету

6) Венн диаграммасы: қыс пен жаз

Қыс мезгілі мен жаз мезгілін салыстырып, антонимдік жұптар арқылы ортақ және ерекше белгілерін анықтау.

Қыс

  • суық
  • ақ
  • қатал
  • боранды

Жаз

  • жылы
  • жасыл
  • жайдары
  • шуақты

7) Ой сергіту: сөзжұмбақ

Абай есімімен байланысты сөздерді табу арқылы білімді бекіту.

Сұрақтар

  1. Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты?
  2. Абайдың атақты би атасы кім?
  3. Абай қай айда дүниеге келген?
  4. Абайдың асыл жары кім?

Жауаптарға ишара (әріптік нұсқа)

Сөзжұмбақты сыныппен бірге толтырыңыз: жауаптар Абай өмірбаяны мен жақын тұлғаларына қатысты.

----қ а р
А ш ұ н а қ
ө с к е н
Б а й ---------т
А м ы з ---------а
Й г е р і м

IV. Қорытынды

  • Жақсылық пен жамандық, әділдік пен қиянат туралы тереңірек білгіңіз келсе — Абайды оқыңыз.
  • Адамгершілік пен ар, махаббат пен зұлымдық туралы таным іздесеңіз — Абайды оқыңыз.
  • Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы ойланғыңыз келсе — Абайды оқыңыз.
  • Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясына үңілгіңіз келсе — Абайды оқыңыз.

V. Бағалау

Оқушылардың мәнерлеп оқуы, талдауы, топтық жұмысқа қатысуы және шығармашылық тапсырмалары негізінде бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

  • «Қыс» өлеңін жаттау.
  • Өлең құрылысына талдау жасау (шумақ, тармақ, буын, бунақ, ұйқас, көркемдік тәсіл).