Бір - біріңе күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу

Танымдық белсенділікті дамытуға арналған тренинг

Тренинг — білімді дамытуда немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы нәтижеге жетуге бағытталған үдеріс. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін тиімді орындауы үшін білім мен дағдыны меңгеру мүмкіндігін кеңейтеді. Кейбір тренингтік жаттығулар тұлғалық өзгеріске түрткі болып, қатысушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін, өзіндік санасын және қарым-қатынастағы қиындықтардың себептерін түсінуін тереңдетеді.

Тренинг барысында кездесуі мүмкін реакциялар

  • ыза, қатты дауыс
  • дөрекілік, өзімшілдік
  • қатыспау, ынтасыздық
  • қажетсіз күлкі, қылжақтық
  • шыдамсыздық, сөзге керісу
  • қажетсіз араласу, селсоқтық

1) Сәлемдесу салты

Мақсат — жеке-даралықтың көптүрлілігін сезіндіру және өзара іс-қимыл процесінде жеке тұлға қасиеттерінің мәні туралы білімді өзектендіру. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, бүгін қатысушылар бір-бірімен дәстүрден тыс амандасу түрлерін көрсетеді.

5 минут

Күлімсіреп амандасу

Бір-біріне күлімсірей қарап, алақанның ішкі және сыртқы бетін тигізу арқылы сәлемдесу.

Тіземен түйістіру

Оң және сол жақ тізелерін түйістіру арқылы амандасу.

Иықпен амандасу

Оң және сол жақ иықтарын тигізу арқылы сәлемдесу.

Маңдай түйістіру

Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу.

2) Сергіту жаттығулары (энержайзер): «Поезд»

Мақсат — психологиялық және физикалық қобалжудан арылту, дұрыс ішкі күй қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Қатысушылар алдымен «бірінші», «екінші» деп саналып бөлінеді.

2 минут

1-қадам

Алақанмен 1 рет шапалақтау, аяқпен 2 рет тоқылдату.

2-қадам

Алақанмен 2 рет шапалақтау, аяқпен 1 рет тоқылдату.

Өткізу тәртібі

Қозғалыстар кезекпен қайталанады: бірінші — екінші — бірінші — екінші. Шеңбер бойымен «пойыз доңғалақтарының шуылын» салып көрсетеді. Ойын барысында қарқын біртіндеп жылдамдатылады.

3) Шеңбер бойынша сөз тізбегі

Бұл ойын қатысушылардың сөздік-мағыналық ойлауын, топтық өзара қатынасын және сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ереже

Қарапайым бір сөйлем таңдалады. Қатысушылар сол сөйлемді әртүрлі дауыс ырғағымен, эмоциямен немесе екпінмен шеңбер бойымен жалғастырып айтады.

Мысал сөйлем:

«Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз.»

Бастау: оң жақтағы ойыншыдан.

4) Пікірталас: «Мақсат дегеніміз не?»

Мақсат — жетістікке жету жолында өзіміздің күшті жақтарымызды тиімді қолдану. Адам арманына қарай жүйелі қадам жасап, сол жолда өзіне сенімді болса, онда сәттілік пен жетістікке жету мүмкіндігі артады.

5) Сенімділік

Мақсат — өзіне деген сенімділікті арттыру. Қатысушылар мына сөйлемді аяқтайды:

«Мен өзіме сенемін, өйткені…»

6) Позитивтік шумақтар

Қатысушыларға жүрекшелер мен жұлдызшалар таратылады. Әрқайсысы ұсынылған позитивтік шумақтарды оқып, өзіне жақын жолдарды таңдап, дауыстап айта алады.

Жүрекше

Мен жетістік жолындамын,
Мен білемін: мықтымын.
Мен білемін, сеземін,
Өзімді биіктен көремін.

Жұлдызша

Мен білімдімін, сенімдімін,
Барлығына төзімдімін.
Жетістікке жетемін деп,
Болашаққа үміттімін.

7) Қуаттандыру

Мақсат — өзіндік бағалауды, сенімділікті және белсенділікті нығайту.

Ой қозғау

Өзіңе деген сенімді жоққа шығарғысы келетіндерден аулақ бол. Бұл қасиет деңгейі төмен адамға тән. Ұлы адам, керісінше, сенің де ұлы адам бола алатыныңа сенім ұялатады. — Марк Твен

Барлығы бірге қайталайды

  • Мен осы өмірдегі ең үлкен байлықпын.
  • Мен үшін орындалмайтын ешнәрсе жоқ.
  • Менің қолымнан бәрі келеді.
  • Мен өзіме сенімдімін.

Психологтың қорытынды сөзі

Өміріңіз бақытқа бөленсін, өміріңіз жарық болсын. Проблемаларыңызды шешуге қуат берсін! Бақытты болу үшін үміт сыйласын! Өзіңіздің күшіңізге сеніңіз — сіздің қолыңыздан бәрі келеді!