Электронды оқулықтан периметрін табуды пысықтау

Сабақтың тақырыбы

Санды 9-ға көбейту кестесі

Сабақтың мақсаты

  • Оқу: 9-ға көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру; 9-ға бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығарту.
  • Дамыту: ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісті және ауызша есептеу қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелеу: ұқыптылыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа және еңбексүйгіштікке баулу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Үлестірме қағаздар

Сабақтың түрі: дамытпалы

Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту

Әдіс-тәсілдер және байланыс

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын сұрақтары, СТО.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру
  • Оқушыларды түгендеу
  • Оқушы назарын сабаққа аудару

Білімнің тұңғиығын бойлайтын,
Тоқысан жалықтыра қоймайтын.
Ғалымдар патшасы деп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтын.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әр ісімізге сәттілік тілеймін.

Апталығымыздың ұраны: «Математика адам үшін, адам математика үшін жаратылған».

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Кім зерек?» ойыны

Өтілген көбейту кестесін пысықтау.

№9 тапсырма: электронды оқулық бойынша периметр табуды қайталау.

Өзекті сұрақ

Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?

Жауап: көп таңбалы сандарды тез есептеу және есептеулерді жеңілдету үшін.

3) Жаңа сабақ

Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз: Алғырлар, Білгірлер, Тапқырлар.

Бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз: көптеген сандардың сырын ашып, олардың қасиеттерімен танысамыз.

Сандарға шолу

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

Бағалау тәсілі: «Күн шуағы»

Есептерді шығарып, жауап берген оқушыға күн шуағын сыйлаймыз.

Күлімдеген күн
5
Мұңайған күн
4
Жылаған күн
3

Негізгі түсінік: 9-ға көбейту

Тапсырма

Тоғыз бірдей санның қосындысын тап және шыққан қосындыны көбейтуге алмастыр.

9+9+9+9+9+9+9+9+9 = 9×9 = 81

Кері амал

81 дәптерді 9 балаға тең бөлсек, әрқайсысы неше дәптерден алады?

81 ÷ 9 = 9

Барлығында 9 шықты — бәрекелді!

Түсіндіру үлгісі

9-ға көбейтуді бұрынғы біліммен байланыстырып есептейік:

9×9 = 9×8 + 9
9×9 = 81
81 ÷ 9 = 9

Жұмысты электронды оқулық арқылы бекітеміз.

Көркем жазу

9 цифрын көркемдеп жазу.

№2 тапсырма: «Тоғызқұмалақ»

Тапсырманы дұрыс орындасақ, тоғызқұмалақ ойыны туралы түсінігіміз арта түседі.

а) Жемістерді тең бөлу

18 банан және 36 апельсин 9 балаға тең бөлінді. Әр бала неше жемістен алды?

18 ÷ 9 = 2
36 ÷ 9 = 4
2 + 4 = 6

Әр бала 6 жеміс алды.

ә) Сәбізді бөлісу

15 сәбізді 5 қоян тең бөліп жеді. Осылай бөліп жесе, 24 сәбізді неше қоян жейді?

15 ÷ 5 = 3
24 ÷ 3 = 8

24 сәбізді 8 қоян жейді.

№3 тапсырма: «Кім тез ойлайды?» (ауызша)

Төмендегі амалдарды ауызша орындау:

9×9
9 см × 9
81 ÷ 9
81 см ÷ 9
10 см × 9
90×9
90 см × 9
810 ÷ 9
810 см ÷ 9
100 см × 9