Түріп жең, Күресте жең
Қазақ тілі • 2-сынып
Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?
Бұл сабақта оқушылар сөздің мағынасы туралы түсінігін кеңейтіп, омоним, синоним, антоним ұғымдарын ажыратуға және сөйлеу барысында дұрыс қолдануға үйренеді.
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары
- 2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерді белгілеу; мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
- 2.2.2.1* Синоним, антоним, омоним сөздерді (сөздік қолдана отырып) ажырату, мағынасын түсіну және сөйлеу барысында қолдану.
- 2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық және орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету.
- 2.4.2.2 Көптік жалғауларын дұрыс қолдану.
Барлығы орындай алады
- Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Жазба жұмысын орындайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
Көбісі орындай алады
- Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
- Өз бетінше жұмыс жасайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Үлестірме материалдармен жұмыс жасайды.
Кейбірі орындай алады
- Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
- Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.
Бағалау критерийлері
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар
- Оқулық
- Суреттер
- Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар
- Әртүрлі заттар
- Топтық тапсырмалар
- Кері байланысқа арналған стикерлер
Әдіс-тәсілдер және байланыс
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Сабақ барысы
Басталуы
5 минут
1) Сәлемдесу
Сабақтың мақсаты қысқаша таныстырылады.
2) Топқа бөлу
Оқушылар коктейль таяқшалары арқылы топқа бөлінеді. Таяқшаның түсіне қарай 1, 2, 3-топ болып орындарына жайғасады.
3) Психологиялық ахуал: «Әнді жалғастыр»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл күйін көтеру, жағымды эмоция қалыптастыру.
Нұсқаулық: жүргізуші өлеңнің 1-жолын айтады, келесі топ 2-жолын, көрші топ 3–4-жолын әуенмен жалғастырады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңғы 2 жолын барлық топ бірігіп орындайды.
Ән 1
«Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)
Ән 2
«Әдепті баламын» (4 жол)
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап бер.
Айтылым: «Жариялау» әдісі
Әр топ берілген сұрақ бойынша өз ұстанымын жариялайды. Топ ішінен таңдалған спикер 5 минут ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ пікірін жеткізеді.
Күрделі тапсырма
Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір:
Ортасы
10 минут
Қолдану • Жазылым • Дәптермен жұмыс
23-жаттығу
Көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір. «Жең», «қар» сөздерінің әр мағынасына сөйлем құрап жаз.
Мысалдар
Түріп жең.
Күресте жең.
Мысалдар
Талып қар.
Күре қар.
24-жаттығу (топтық жұмыс)
Суретке қарап, суретшінің қатесін тауып көр.
25-жаттығу (жазылым)
Өлеңді көшіріп жаз:
Шақырады Шымбұлақ — Аппақ-аппақ шың құзы! Қуанбайтын кім бірақ, Жарқыраса жұлдызы!
Сұрақ: Шымбұлақ туралы не білесің?
Дереккөз
Видео тамашалау: «Шымбұлақ».
Қолдану: омоним сөздерді пайдалану
Дәптермен жұмыс.
26-жаттығу
Суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлем құра.
Шығармашылық жұмыс
Омоним сөздерді қатыстырып шағын мәтін немесе 4–5 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыр.
Мәлімет
Мектеп
Л. Қылышев атындағы ОЖББМ
Мұғалім
Бахтыгереева Алтынай Каримовна
Ескерту
Материал: «Сөз және оның мағынасы. Омоним дегеніміз не?» (жүктеу үшін берілген нұсқа).