Бұлшық еттер

Сабақ туралы мәлімет

Сынып
8-сынып
Тақырып
Бұлшық еттер: бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Сабақ типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, сауалнама, сұхбат-дәріс, өзіндік жұмыс
Көрнекіліктер
Бұлшық ет жүйесі және адам қаңқасы кестелері, бұлшық ет ұлпаларының муляждары, тестік диктанттар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімді тереңдету.
  • Адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін анықтау.
  • Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Сайыс элементтері арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау жылдамдығын дамыту.

Тәрбиелілік

Ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа және бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

«Күлкі — көңіл айнасы» тренингі

«Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп есепте».

Виктор Мари Гюго, француз жазушысы

Қызықты дерек

Адам күлген кезде 17 бұлшық ет қозғалысқа келеді.

Күлкінің пайдасы

  • Өмір ұзақтығына оң әсер етеді
  • Иммунитетті күшейтеді
  • Стресс пен депрессия қаупін төмендетеді
  • Қан айналымын жақсартады
  • Ағзаның тазару үдерістерін қолдайды
  • Сыртқы келбетке сергектік береді

Қорытынды: сұлу болғыңыз келсе, әрдайым күлімдеп жүріңіз.

Оқушылар жұлдызшалар арқылы топтарға бөлінеді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

A) Сұрақ-жауап

  1. 1. Байламдардың созылуын қандай белгілер арқылы анықтауға болады?
  2. 2. Сүйек шығудың белгілері қандай?
  3. 3. Омыртқа жотасы, бас сүйегі және кеуде қуысы сүйектері сынған кезде қандай сақтық шараларын сақтау керек?
  4. 4. Сіңір созылғанда қысатын таңғышты қалай салады?
  5. 5. Білек, иық, тізе және санға шина салу әрекетін түсіндіріңіз.

B) Биологиялық диктант

Барлық омыртқалар бір-бірімен , бұлшық еттер арқылы байланысады.

Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, пен шынтақ сүйегі; қол басы сүйектері жалғасады.

Жеке және топтық талқылау

  • «Бұлшық ет» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? (жеке жұмыс, жұппен және топпен талқылау)
  • «Бұлшық ет туралы нені білгіміз келеді?» сұрағына жауап жазыңыз.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бұлшық ет — адамның кеңістіктегі қозғалысын басқаратын, тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін және әртүрлі қимыл-қозғалыстарды жүзеге асыратын жүйе. Ол тек сүйек-қимыл аппаратының бөлігі ғана емес: бұлшық еттер ішкі мүшелердің жұмысын да қолдайды.

Бұлшық еттердің ағзадағы рөлі

  • Ас қорыту, қан айналу, зәр шығару үдерістеріне қатысады.
  • Ішкі секреция бездерінің жұмысын қолдайды.
  • Жұтыну, дыбыстың шығуы, көздің қозғалысы және жоғарғы жақтың қозғалысын қамтамасыз етеді.
  • Сүйектермен бірге денеге пішін береді және денені тік ұстап тұруға көмектеседі.
  • Қабырғааралық бұлшық еттер мен көк ет (диафрагма) тыныс алуды басқарады.