Топтардың сәлемдесуі
Сабақ туралы
Тақырыбы
«Кім көп білсе — сол алда!»
Сабақ түрі
Сайыс-сабақ
Мақсаты
- Оқушыларды ұжымдық қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
- Бір-бірін тыңдауға және сыйлауға дағдыландыру.
- Ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту.
- Дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта
- Қиынды карта
- Сөзжұмбақ
Әдісі
- Топтық жұмыс
- Жекелей жұмыс
- Жалпы сыныппен жұмыс
Кіріспе сөз
Қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ш. Уәлиханов: «Сұлулықты, көркемділікті түсіне білудің өзі — үлкен эстетикалық тәрбие күші», — деген. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі — бәрі де адамға ләззат береді. Сондықтан табиғаттың әдемілігін, сұлулығын сезіне білуіміз керек.
Осы орайда бүгін сіздермен бірге «Кім көп білсе — сол алда!» тақырыбында сайыс-сабақ өткіземіз.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Кабинеттің тазалығын тексеру.
- Оқушыларды топқа бөліп, құрал-жабдықтарын түгендеу.
Бағалау
Әр топтың дұрыс жауабы 5 балдық жүйемен бағаланады.
III. Сайыстың бағдарламасы
- 1 Топтардың сәлемдесуі
- 2 «Ең, ең, ең...» ойыны
- 3 Әдеби конкурс: 1-тур — «Мен жазамын...» (әңгіме құрастыру) · 2-тур — «Мен жылдаммын...» (географиялық объектілерді түгендеу) · 3-тур — «Мен жырлаймын...» (табиғатқа байланысты өлең құрастыру)
- 4 «Жас географ-суретшілер» байқауы
- 5 «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (сөзжұмбақ шешу)
- 6 «Не? Қайда? Қашан?» (сұрақ-жауап)
- 7 Музыкалық конкурс
Сайыс кезеңдері
I. Топтардың сәлемдесуі
Екі топ өздерінің аты мен ұранын таныстырады.
II. «Ең, ең, ең...» ойыны
Сыныптар бойынша тапсырмалар
6-сынып
- 1. Дүниежүзіндегі ең биік тау — Гималай.
- 2. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал — Гренландия.
- 3. Дүниежүзіндегі ең кішкентай материк — Австралия.
- 4. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама — Анхель.
- 5. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл — Сахара.
- 6. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма — Мариана.
- 7. Дүниежүзіндегі ең суық материк — Антарктида.
- 8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек — Арабия.
- 9. Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит — Тынық мұхиты.
- 10. Дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекет — Ресей.
5-сынып
- 1. Дүниежүзіндегі ең үлкен материк — Еуразия.
- 2. Дүниежүзіндегі ең кіші мұхит — Солтүстік Мұзды мұхиты.
- 3. Дүниежүзіндегі ең ыстық материк — Африка.
- 4. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен — Ніл.
- 5. Дүниежүзіндегі ең терең көл — Байкал.
- 6. Дүниежүзіндегі ең биік шың — Джомолунгма (8848 м).
- 7. Дүниежүзіндегі суы ең мол өзен — Амазонка.
- 8. Дүниежүзіндегі ең ылғалды материк — Оңтүстік Америка.
- 9. Дүниежүзіндегі халқы ең көп мемлекет — Қытай.
- 10. Суыққа ең төзімді құс — пингвин.
III. Әдеби конкурс
1-тур: «Мен жазамын...»
Топ географиялық объектілерді қатыстыра отырып әңгіме құрастырады. Бағалау өлшемдері: мазмұн және географиялық атауларды орынды әрі көп қолдану.
Тақырып:
«Қазақстанды қалай көркейтеміз?»
2-тур: «Мен жылдаммын...»
Географиялық атауларды неғұрлым көп әрі дұрыс атаған сайын ұпай саны артады.
- 5-сынып Өзендер мен көлдерді атау.
- 6-сынып Таулар мен жазықтарды атау.
3-тур: «Мен жырлаймын...»
Топтарға 4 сөз беріледі. Сол сөздерді пайдаланып, өлең шумағын құрастыру керек.
IV. «Жас географ-суретшілер» байқауы
Әр топтан бір оқушы шығып, көзі байланған күйде плакатқа материктің және сол материкте өмір сүретін жануардың суретін салады.
Бағалау суреттің әдемілігіне емес, материк пішінінің картаға ұқсастығына және жануардың танымал белгілеріне сай келуіне негізделеді.
V. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
Сөзжұмбақ
5-сынып
- 1. Атмосферада үлесі көп газ — азот.
- 2. Температураны өлшейтін құрал — термометр.
- 3. Желдің бір түрі — муссон.
- 4. Ультракүлгін сәулені өткізбейтін газ — озон.
- 5. Атмосфераның екінші қабаты — стратосфера.
- 6. Желдің бағытын өлшейтін құрал — флюгер.
- 7. Жорыққа алып жүруге ыңғайлы атмосфералық қысым өлшеуіш — анероид.
- 8. Ауадағы ылғалды өлшейтін құрал — гигрометр.
- 9. Ауаның қысымын өлшейтін құрал — барометр.
6-сынып
- 1. Белгілі жағдайда су буының суық күйге айналуы — конденсация.
- 2. Атмосфераның 21%-ын құрайтын газ — оттегі.
- 3. Атмосфераның ең төменгі қабаты — тропосфера.
- 4. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал — барометр.
- 5. Көтерілген ауа салқындап, бу су тамшылары мен мұз түйіршіктеріне айналғанда — бұлт түзіледі.
- 6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал — гигрометр.
- 7. Маусымдық жел — муссон.
- 8. Ауа қабаты — атмосфера.
- 9. Ауаның горизонталь бағытта орын ауыстыруы — жел.
- 10. Тәуліктік жел — бриз.
- 11. Атмосфераның 78%-ын құрайтын газ — азот.
VI. «Не? Қайда? Қашан?»
Бұл бөлімде әр топ алдын ала дайындап әкелген сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.
VII. Музыкалық конкурс
Екі топ географиялық объектілер кездесетін әндерді тауып, бір әнді орындайды. Ән мәтінінде географиялық атаулар неғұрлым көп кездессе, соғұрлым жоғары бағаланады.
Қорытынды
Осымен сайыс-сабағымыз өз мәресіне жетті.
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын жомартпен аялаған.
Сау болыңыздар!