Топ басшысына зымыран сұрақтар

Сабақтың тақырыбы

Сан есім және оның түрлеріне шолу. Шығармашылық жұмыс.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық

Деңгейлік тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың ойлауын, есте сақтау қабілетін, ынтасын және белсенділігін арттыру. Танымдық тапсырмалар арқылы тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырып, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік

Тіл өнерін құрметтеуге, сандардың қасиетін терең түсінуге, елжандылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдер
Ойын элементтері, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі
Электронды презентация

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын қадағалау.

II. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыз қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндеріне ортақ шығармашылық тапсырмалар орындауға арналады.

Тіл өнері – елдігіміздің, біртұтастығымыздың белгісі. Тәуелсіздігіміз мығым, еліміз еңселі болсын десек, туған тілімізге салғырт қарамай, оның мәртебесін көтеруге атсалысуымыз қажет.

Бүгінгі сабағымызда сан есім және сандардың қасиетін ашуды мақсат етеміз. Алдымен өткен сабақта қарастырылған сан есім және оның мағыналық түрлеріне қысқаша шолу жасаймыз.

Сайыс құрылымы

  1. 1 Топ таныстыруы
  2. 2 Топ басшысына зымыран сұрақтар
  3. 3 Тест сұрақтары
  4. 4 Мақал-мәтелдер
  5. 5 Жаңылтпаш айту
  6. 6 Жұмбақ
  1. 7 Логикалық жұмбақтар
  2. 8 Өтірік өлең шығару
  3. 9 Логогриф
  4. 10 Анаграмма
  5. 11 Бейнесөз

1-бөлім: Топқа бөлу және таныстыру

1-топ

Есептік

2-топ

Реттік

Топ басшыларына сұрақтар

  • Мектепке нешінші жылы, қай айда бардың?
  • Қай жылы бірінші сыныпқа оқуға бардың?
  • Ата-анаңның нешінші перзентісің?
  • Қазір нешінші сыныпта оқисың?
  • Сыныпта нешінші қатарда отырасың?
  • Қандай мамандықты ұнатасың?

2-бөлім: Зымыран сұрақтар

I топқа (Есептік)

1. Күрделі сан есімнің әр сыңары қалай жазылады?

Жауап: Бөлек.

2. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы/-інші жұрнағының орнына не қойылады?

Жауап: Дефис.

3. Орхон–Енесей ескерткіштеріндегі сан есімдерді мағынасына қарай нешеге бөлуге болады?

Жауап: 5.

4. «Он жеті» сөзінің көне атауы.

Жауап: Йеті йегірме.

5. Орхон–Енесей ескерткіштерінде жинақтық сан есім қандай жұрнақ арқылы жасалады?

Жауап: -егү.

II топқа (Реттік)

1. Орхон–Енесей ескерткіштерінде реттік сандарға қандай жұрнақтар жалғанады?

Жауап: -нті, -ынч, -інч.

2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақ орнына не қойылмайды?

Жауап: Дефис қойылмайды.

3. «Бір мың тоғыз жүз» саны жазумен берілсе, қалай жазылады?

Жауап: Бөлек.

4. «Жиырма үш» сөзінің көне атауы.

Жауап: Үч отыз.

5. «Ол жиырма беске толды» сөйлеміндегі сан есім цифрмен берілсе, қалай жазылады?

Жауап: Дефис арқылы: 25-ке.