Мұхтар ШахановМұрын жайлы әзіл Перзент болу оңай ма толыққанды, Зерттеп өс, - деп, - айдарлы алыптарды Мені башқұрт жыршысы Мұстай КәрімРасул Ғамзатовқа алып барды

Мұхтар Шаханов

Мұрын жайлы әзіл

"Перзент болу оңай ма толыққанды,
Зерттеп өс, - деп, - айдарлы алыптарды"
Мені башқұрт жыршысы Мұстай Кәрім
Расул Ғамзатовқа алып барды.

Таулыққа тән асау ой қанатында
Жайсаң, күліп қоштасты дара тұлға.
Үш жылдан соң Ғарышкер Севастьянов
Таныстырды қайтадан мені ақынға.

Расул айтты: "Кез келген жас талапты
Балау қиын қыранға қос қанатты.
Інім, сенің жырыңды оқығам жоқ,
Бірақ бұзау мұрының есте қапты.

Өзгешелік — табиғат тірегі екен,
Өзгешеге ойлы жан күле ме екен?
Өнерде де бөгде жұрт шатастырмас
Өз мұрының болсын деп тілек етем".

Тыңдағым кеп ғасырдың арайлы әнін,
Арай шашқан тауларды маңайладым.
Ғамзатовтың өзіне қарадым да:
"Гәп мұрында жатыр ма",- деп ойладым.

Өтті жылдар,
Кеңейді өрісім де.
Бар, әрине, жеңіліс,
Жеңісім де.
Тілектесім көбейді ел ішінде,
Біреулер жүр келе алмай келісімге,
Өлеңімнің мұрынын бұзғысы кеп,
Жұдырығын жасырып жең ішінде.
Даралыққа не жетсін көңілдегі...
Бақытты жан мен болам төріндегі.
Өлеңде де ешкімге ұқсамайтын
Мұрынымнан танысаң, елім, мені!



Ұқсас жұмыстар

Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Ұлттық шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуына би- шешендердің қосқан үлесі
Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер
Берқайыр Аманшиннің шығармашылық ізденіс саласы
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Әбдіжәміл Нұрпейісов
М.Мағауин – қазақ әдебиетін зерттеуші
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Бейімбет Майлин (1894-1938)
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ДОМАЛАҚ АНА
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
Басқару процесiнiң мазмұны
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі