Балалар тақтадан ненің суреттерін көріп тұрмыз
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
М дауыссыз дыбысы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ, ойын элементтерімен
Көрнекіліктер
Кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық-тілдік мақсат
- М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру.
- М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру.
- Сөздерге дыбыстық талдау жасау және сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау.
- Сабаққа қызығушылықты арттыру.
2) Дамытушылық мақсат
- Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
- Дыбыстарды дұрыс әрі анық айтуға үйрету.
- Фонематикалық есту қабілетін арттыру.
- Сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік мақсат
- Балалардың рухани өсуіне бағыт беру.
- Мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Балалардың зейінін сабаққа аудару.
2) Өткен сабақты қайталау
«Орнын тап» ойыны
Суреттердің атауын тауып, Ы әрпін тиісті орындарына қойғызу.
Тыныс алу жаттығуы
Мұрынмен дем алып, демді дауысты дыбыстарды созып айту.
3) Жаңа сабақ
Моншақ, мақта, мысық, мата, машина сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Дұрыс жауап: М дыбысы
М дыбысына артикуляциялық сипаттама
- [м] дыбысын айтқанда еріндер жұмулы болады.
- Ауа ағысының жолында кедергі бар.
- Ауа ағысы еріндерді жарып өтетіндей болып сезіледі.
Суреттермен жұмыс және сөйлем құрастыру
Тақтадағы суреттерді атап, сөздерге сөйлем құрастырайық.
Мысал: Асанның үлкен ала мысығы бар.
Мысал: Марат пен Мұрат өсіп тұрған мақтаны көріп, қызыға тамашалап тұр.
4) Сергіту сәті (мысық туралы)
Мен – мяу мысықпын
Мяу-мяу-мяу
Өзім сондай пысықпын
Мяу-мяу-мяу
Қастық ойлап дұшпанға
Мяу-мяу-мяу
Жолбарысша атылам
Мяу-мяу-мяу
Тісті аямай батырам
Мяу-мяу-мяу
5) Ұсақ моториканы дамыту
Тапсырма
Саусақ қимылдарын дамыту үшін мақтаны «шиттетіп» көру арқылы қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.
Сұрақтар
- Мақта неге ұқсайды?
- Түсі қандай?
- Ол жұмсақ па, қатты ма?
- Оны кімдер егеді?
- Бізге қандай пайдасы бар?
6) Тілді жаттықтыру
Ық-ық-ық — мысық
Ақ-ақ-ақ — моншақ
Та-та-та — мақта
Ай-ай-ай — май
Сабақты пысықтау
«Сиқырлы әріпті сандық» ойыны
Балаларға ойын шарты түсіндіріледі. Суреттерді М дыбысының сөздегі орнына қарай сандықтарға бөліп салу керек:
1-сандық
М дыбысы сөздің басында келетін суреттер.
2-сандық
М дыбысы сөздің ортасында келетін суреттер.
3-сандық
М дыбысы сөздің соңында кездесетін суреттер.
Сергіту сәті
Алақанды жаяйық
Аяқтарың орнында — я-я-я
Тек алақанды соғайық — я-я-я
Енді алға созамыз — соқ-соқ-соқ
Енді арқаға созамыз — тез-тез-тез
Биік-биік соғамыз — соқ-соқ-соқ
Төмен-төмен соғамыз — соқ-соқ-соқ
Енді қолды шайқаймыз — шоқ-шоқ-шоқ
Демаламыз қане біз — уф-уф-уф
Сабақты қорыту
Қайталау сұрақтары
- Біз қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сабақ ұнады ма?
Үй тапсырмасы
М дыбысы бар сөздерге сөйлем құрастыру.
Нұсқау
Кемінде 3 сөйлем құрастырып, М дыбысының сөздегі орнын (басы/ортасы/соңы) атап келу.