Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
Сабақтың тақырыбы
Өзгергіштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды өзгергіштік заңдылықтарымен, оның типтерімен және пайда болу себептерімен таныстыру.
Дамытушылық
Сабаққа белсенділікті және пәнге қызығушылықты арттыру; өткенді жаңа тақырыппен байланыстыра отырып білімді жүйелеу, нақтылау және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, табиғатқа сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Электронды оқулық
- Портреттер
- Сызбанұсқалар
Сабақтың жүрісі
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
3) Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
4) Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
5) Жаңа сабақты бекіту кезеңі
6) Зертханалық жұмыс
7) Оқушыларды бағалау кезеңі
8) Үй тапсырмасын беру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
Үй тапсырмасы бірнеше оқушыдан сұрақ-жауап арқылы сұралады.
-
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
-
2. Генетиканың даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?
-
3. Қазіргі кездегі генетиканың дамуы немен ерекшеленеді?
-
4. Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?
-
5. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын Г. Мендель қай еңбегінде атап көрсетті?
-
6. Г. Мендель заңдарын атаңыз.
-
7. Г. Мендель заңдарын түсіндіріңіз.
Жаңа сабақ
Тұқым қуалаушылық сияқты, өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік — организмдердің онтогенездік даму барысында жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті.
Модификациялық өзгергіштік
Модификациялық өзгергіштік — гендер мен хромосомалардың, яғни генотиптің өзгеруіне байланысты емес, қоршаған орта факторларының әсерінен организмдердің ортаға бейімделуі нәтижесінде фенотиптің өзгеруі.
Кез келген организм нақты бір орта жағдайларында дамып, жетіледі. Сондықтан қоршаған орта жағдайлары, атап айтқанда температураның ауытқуы, жарық, ылғалдылықтың мол немесе жеткіліксіз болуы, сондай-ақ қоректік заттардың сапасы мен мөлшері организмдердің тіршілігіне міндетті түрде әсер етеді.