Оқушылардың белсенділігін арттыру

Сабақтың бағыты мен оқу мақсаттары

Бұл сабақ адамның сырт келбеті мен мінезі туралы ойды сауатты жеткізуге бағытталған. Негізгі назар орфоэпиялық нормаларды сақтауға, ауызша сөйлеуде интонацияны дұрыс қолдануға және әртүрлі стильде мәтін құрастыруға аударылады.

Айтылым (А3)

  • Ауызша мәтін құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескере отырып айту.
  • Ойды ауызша жеткізуде сөйлем түрлерін орынды қолдану.

Жазылым (Ж1)

  • Мәтіннің стильдік ерекшелігін сақтай отырып күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу.
  • Мәтін құрастырғанда стилін дұрыс таңдап, бірізділік пен нақтылықты сақтау.

Күтілетін нәтижелер

  • Сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескере алады.
  • Сұраулы, хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді орынды қолданады.
  • Мәтін құрастырғанда стильдік ерекшелікті сақтайды.
  • Күнделік, мінездеме, түсініктеме немесе өмірбаянның бір түрін сауатты жазады.

Ұйымдастыру: ынтымақтастық атмосферасы

Сабақ басында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тренинг ұйымдастырылады. Әр оқушы сыныптасына жылы лебізін білдіріп, сөзін мына үлгіде бастайды:

«Менің ойымды өзгерткен сенің бойыңдағы ... асыл қасиет»

Қол ұстасып тұрып тілек айтқан оқушыға сыныптастары қысқа әрі нақты кері байланыс береді: «Мықты екенсің», «Қызықтырып жібердің».

Қызықты мінезді табу (қима қағаздар)

Оқушыларға қима қағаздар таратылады. Әрқайсысы өз бойындағы бір қызықты мінез ерекшелігін жазып, қағазды бүктеп қорапқа салады. Кейін қағаздар араластырылып, кезекпен суырылады: мінез иесін тез тапқан оқушыға жұлдызша беріледі. Мінезін бірден танығандар жұп құрады.

Алдыңғы білімді белсендіру: сәйкестендіру

Оқушылар мінез типтері мен сипаттамаларын сәйкестендіріп, дәлелдеп айтады. Мақсат — сөз мағынасына мән беру, әрі қарай сөйлем құрауға тірек жасау.

Сипаттама

Мінез типі

Ақкөңіл
Флегматик
Тез ойланып, жауап береді
Холерик
Достарына көмектесуді ұнатады
Меланхолик
Жеңіл мінезді
Флегматик
Агрессивті, тез шамданғыш
Сангвиник
Кісіге қайырымды
Меланхолик
Жаңа ортада қатты қысылады
Холерик
Тым қозғалғыш
Сангвиник
Орынсыз сөйлемейді
Холерик

Жұптық тапсырма: интонациямен сөйлем құрау

Сәйкестендіруді жылдам орындаған жұп көрші жұпқа 2–3 тіркесті таңдап береді. Сол тіркестер арқылы хабарлы сөйлем құрап, интонациясын дұрыс сақтап ауызша айтады. Кейін 5 жұп бір-біріне сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер құрастыруға тапсырма береді.

Кері байланыс (өзара бағалау)

Шапшаң жұп
Орындайтын жұп
Баяу жұп
Жай жұп
Асықпайтын жұп

Есте сақта: интонация деген не?

Сөйлемдердің интонациялық ерекшелігі — сөйлеу барысында сөйлем ішіндегі белгілі сөздерге екпінді ерекше түсіріп айту.

Мысал: Керемет қандай, ол өз ортасында орынсыз сөйлемейді.

Сырт келбет және мінез: болжам жасау

Мұғалім оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы суреттерге аударады: «Бұлар кімдер? Танисыңдар ма?» Оқушылар сырт келбетіне қарап мінезіне болжам жасап көреді.

Ойын ашық, еркін әрі әсерлі жеткізген оқушыны сыныптастары сұқ саусақпен көрсетіп, «Керемет екенсің!» деп бағалайды.

«Ойлан, бөліс, жауап бер» сұрақтары

  • Адамның сырт келбетіне қарап, оның мінезін тани аламыз ба?
  • Жаңа танысыңның мінезін сен қалай байқайсың?

Айтылым дағдысын дамыту үшін бірнеше сурет көрсетіліп, оқушылар суреттегі адамның мінезін өзінше болжап айтады.

Тапсырма: диалог құру

Жұптасып осы сұрақтар бойынша өз көзқарастарыңды ортаға салып, диалог құрыңдар. Диалог барысында сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін сақтап айтуға тырысыңдар.

Дескрипторлар

  • Жұптасып диалог құра алады.
  • Сұраққа өз ойымен жауап береді.
  • Бейненің мінезін болжап айтады.

Сергіту сәті: логикалық сипаттама арқылы адамды табу

Оқушыларға сурет беріледі. Мақсат — берілген сөйлемдердегі сипаттамаға сүйеніп, суреттегі адамдардың аттарын дәл табу. Дұрыс тапқан оқушы марапатталады.

Адам аттары

  • Ержан
  • Марат
  • Жеңіс
  • Сәбит
  • Жомарт

Сипаттамалар

  • Бас киім киген бойы биік әрі арық кісінің аты Марат емес.
  • Сәбит пен Жомарттың қасында тұрған адамның көзілдірігі жоқ.
  • Арық әрі аласа адам Сәбиттің қасында тұр.
  • Мұртты адамның қасында тұрған кісі — Марат.
  • Сақалы бар, қара шашты адамның аты Марат емес.
  • Арық әрі аласа адамның аты Жеңіс емес.
  • Жомарттың қасындағы адамның бас киімі жоқ.
  • Жеңіс Сәбит пен Ержанның қасындағы адамның ортасында тұр.

Жазылым: мінезді сипаттау және стильді сақтау

«Өзіңнің мінезің қандай?»

Кестенің 3 бөлігіне өз мінезіңнің ерекшелігін сөз тіркестері арқылы жаз. Кейін ойыңды жұбыңмен бөліс. Жұбың келіссе, сол тұсына әдемі бағалау белгісін қояды.

Тірек сөздер

қамқормын қарапайым көңілді мазасызбын шыдамды

Мінездеме жазу

Оқушылар бұрын алған білімін еске түсіріп, досына немесе қасындағы жұбына мінездеме жазады. Алдымен оның бойындағы жақсы қасиеттерін атап өтеді. Қажет болса, мінезіндегі жағымсыз қылықтарға (мысалы: ашушаң, өкпелегіш) байланысты өз ұсынысын, ақылын мәдени түрде қосады.

Мәтін құрастырғанда ең бастысы — стильдік ерекшелікті сақтау, ойдың жүйелілігі мен сөйлемдердің нақтылығы.

Рефлексия: «3–1»

  1. 1 Үш жақсы қасиетті ата.
  2. 2 Сол қасиеттер бойынша үш сөйлем құрастыр.
  3. 3 Сөйлемдерді интонация талаптарын ескере отырып, ауызша айтып көр.