Бесік жырының маңызын ұғындыру

Сілтеме

Әдебиеттік оқу, 3-сынып

Жалпы мақсаттар

Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу; соның бірі — отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі бала екенін ұғындыру және баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу.

Бесік жырының маңызын түсіндіру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін айтуына, дәлел келтіре білуіне, сөйлеу мәдениетін дамытуына, топпен жұмыс жасауына, сондай-ақ шығармашылық және танымдық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау.

Пәнге қызығушылығын арттыру. Салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Өлеңді дауыс ырғағы мен интонация арқылы мәнерлеп оқуға, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоюға, оқығанын түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне отырып оқуға үйрету.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан салт-дәстүрін танып, отбасы үшін баланың қадірін және бесікке бөлеу дәстүрінің мәнін түсінеді.

Бесік жырының тәрбиелік және мәдени маңызын ұғынады. Жаңа технологиялар арқылы ой-пікірін еркін жеткізіп, өз ойын дәлелдеуге, топпен тиімді жұмыс істеуге, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға машықтанады.

Өлеңді интонациямен оқып, автор ойын түсінуге, мазмұндық екпінді дұрыс қоюға, мәтінді түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне отырып оқуға үйренеді; білімдері жетіледі.

Негізгі идеялар

  • Тапсырма орындау барысында оқушылардың өздігінен ойлануына мүмкіндік беру.
  • Өз ойын ашық айтуға және пікірін дәлелдеуге баулу.
  • Бір-бірімен топтасып, бірлесе жұмыс жасауға төселдіру.

Тапсырмалар

1) Жағдайды талқылау

Әңгіме бойынша жағдаятты талдап, пікір айту.

2) Диалогтік сөйлесу

Сұрақ қойып, жауап беріп, ой алмасу.

3) Аудио/видео үзінді

Көрініс арқылы дәстүрдің мазмұнын түсіндіру.

4) «Топтас – жұптас – ойлан»

Топта талқылап, ортақ қорытынды жасау.

5) Сұрақ-жауап

Нақтылау, дәлелдеу, пікірді жүйелеу.

6) Кейінгі тапсырмалар

Үй тапсырмасы және бекіту жұмыстары.

Бақылау және жетілдіру

  • Оқу үдерісіндегі өзгерісті оқушылардың қалай қабылдағанын бақылау.
  • Әріптестермен ақылдасып, кері байланыс алу.
  • Тәжірибе негізінде енгізілген өзгерістерді сипаттау.

Жүргізілетін жұмыс: «Шаттық шеңбері»

Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, мейірімділік құндылығын бекіту үшін төмендегі сөйлемдер кезекпен айтылады:

Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату-тәтті достарым мейірімді!

Оқушылар бағалау критерийімен танысады, топ басшылары сайланады, тапсырмалар үлестіріледі.

І. Жаңа сабақ

1) Қызығушылығын ояту: жұмбақ

Сәбиге сәнді үй,

Анаға ән-күй.

Жауабы: Бесік

2) Ой қозғау

  • Бесік деген не?
  • Бесік неден жасалады?
  • Бесікте жатқан бала бар ма?
  • Бесікке байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Слайд бойынша оқушылардың шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу туралы ойлары тыңдалады.

3) Қорытындылау

Бесік — бабамыздан қалған киелі мұра. Қазақ халқы бесікті ерекше қадірлеген: атасы жатқан бесікке баласын, немересін, шөбересін, тіпті бірнеше ұрпағын бөлеу дәстүрі жалғасып отырған.

Бесікке салу дәстүрі бейнеүзінді арқылы көрсетіледі.

4) Жаңа материалмен жұмыс

«Сарқылмас қазына» бөлімін осы Бесік жырымен бастаймыз. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени үлгілері, ұлағатты сөздері мен көркем туындылары ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас болып жетеді. Бұл асыл қазына атамұра деп аталады.

Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегі, үй жиһаздары, ата кәсіпке қатысты құрал-саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл — барлығы да мұра. Сол мұралардың ең құндыларының бірі — Бесік жыры.

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.