Балаларға қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру
Оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация, Әлеуметтік орта. Білім беру бөлімі: Тіл дамыту, Қоршаған орта.
Тақырып
Қыстап қалатын құстар
Мақсаты
- Балаларға қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру.
- Ой-өрісін, дүниетанымын және сөздік қорын дамыту.
- Құстарға сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, көрсету
- Сұрақ-жауап
- Ойын элементтері
Көрнекіліктер
- Тақырыптық слайд
- Суреттер
- Үлестірмелер
Билингвальды компонент
Мотивациялық-қозғаушы кезең
1) Шаттық шеңбері
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз — әдепті баламыз.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, ортақ көңіл-күй қалыптастыру үшін шаттық шеңберіне шақырады.
2) Жыл мезгілі, ай, апта күндері
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Балалармен бірге қыс мезгілінің ерекшеліктері талқыланады.
3) Ойын: «Болады — болмайды»
Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар дұрыс әрекетті ажыратып жауап береді.
-
Ағаштың бұтағын сындыруға бола ма?
-
Гүлдерге су құюға бола ма?
-
Құстарды таспен атуға бола ма?
-
Құстарға ұя жасауға бола ма?
-
Үлкендерді сыйлауға бола ма?
Таңғажайып сәт
Теледидардан құстардың дауысы естіледі.
— Балалар, бұл ненің дауысы?
— Иә, бұл құстардың дауысы.
Тақырып хабарланады: қыстап қалатын құстар.
Іздену-ұйымдастырушы кезең
1) Слайд арқылы түсіндіру
Тәрбиеші слайдтарды көрсете отырып, балаларды әңгімеге қатыстырады. Балалар назар аударып, зейін қойып тыңдайды.
Қарға
Қысқа төзімді, ұжым болып жүреді.
Торғай
Адамға жақын, жемге келеді.
Сауысқан
Ширақ, секеңдеп қозғалады.
2) Тақырыптық тақпақтар
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса егер де,
Бұтаға келіп қорғанар.
Ерболат
Сары бауыр шымшықтар,
Қыстап аман шығыңдар.
Жазды көріп жайнаңдар,
Қуанғаннан сайраңдар.
Айша
Кептер хабар тасыған,
Үйреніп оған жасынан.
Хат әкеліп жеткізіп,
Талай қиын асырған.
Әминә
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Жәния
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан томарға,
Секең-секең ауысқан.
Нұрасыл
Сергіту сәті
Балалар қимыл жасап, құстардың дауысын салып орындайды.
Екі қарға кезікті
Ән айтты: «Қар-қар-қар»
Екі сауысқан кезікті
Ән айтты: «Сақ-сақ-сақ»
Екі торғай кезікті
Ән айтты: «Шиқ-шиқ-шиқ»
Екі көкек кезікті
Ән айтты: «Көкек-көкек-көкек»
Ойын: «Сиқырлы қорапша»
Шарты: балалар сиқырлы қорапшадан алынған бірнеше бөлікке бөлінген құстардың суреттерін құрастырады.
Нәтиже: балалар бөліктерді дұрыс сәйкестендіріп, құстардың бейнесін жинақтайды.
Құстарға қатысты тыйым сөздер
-
Құстың ұясын бұзба.
-
Құсқа тас лақтырма.
-
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Ж. Рана Мәулен
Қорыту және рефлексия
Ұжымдық ойын: «Орындарына орналастыр»
Шарты: балаларға аңдар мен құстардың суреттері беріледі. Аңдарды жерге, ал құстарды ағаш бұтақтарына орналастыру керек.
Қорытынды сұрақ
— Біз бүгін ұйымдастырылған оқу қызметінде не туралы өттік?
Тәрбиеші балаларды мадақтайды: ойынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтады.
Қорытынды ән
Қамқоршымыз құстарға,
Табиғатты сүйеміз.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.
Оқу қызметі жағымды көңіл-күймен аяқталады.