Қала көшелерінің тарихы
ШҚО облысы, Өскемен қаласы №32 орта мектеп • Қазақ тілі пәні
Мұғалім: Амербекова А.Б.
Сабақ түрі: саяхат сабағы
Сабақтың мақсаты
Грамматикалық тақырыптар бойынша алған білімді тексеру және жан-жақты жетілдіру. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту.
Оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, жас ұрпақты Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне және туған қаласына сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- Мемлекеттік рәміздер
- Қабырға газеті: «Өскемен қаласы»
- Сабақ атауы: «Біздің қала», «Қош келдіңіздер!»
- Эпиграф, кестелер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Іздендіру
- Әңгімелесу
- Мәтінмен жұмыс
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті мұғалімдер мен оқушылар! Ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік күніне арналған сабағымызды бастаймыз.
1-аялдама: Ауызекі сөйлеу
Тыңдаңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер. Мақсат — мемлекеттік рәміздер мен ел туралы білімді нақтылау, пікірді анық әрі дәл жеткізу.
Негізгі ой
Егемен еліміздің рәміздерін білу және олардың мәнін терең түсіну — әр азаматтың парызы.
- 1. Сендер қай Республикада тұрасыңдар?
- 2. Қазақстан Республикасы қандай ел?
- 3. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
- 5. Әнұранның сөзін және әнін кімдер жазған?
- 6. Елтаңбада не бейнеленген?
- 7. Туда не бейнеленген?
- 8. Қазақстанның қандай белгілі адамдарын білесіңдер?
- 9. Қазақстанның астанасы қай қала?
- 10. Қазақстанда қандай қалалар бар?
- 11. Сендер қай облыста тұрасыңдар?
- 12. Сендер қай қалада тұрасыңдар?
- 13. 30 тамыз қандай мереке?
- 14. 16 желтоқсан қандай мереке?
2-аялдама: Тапсырманы орындау
Мәтінмен жұмыс: «Қазақстан»
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Нәтиже
Оқылым арқылы ойды түсіну, дәлелді жауап беру, негізгі ақпаратты бөліп көрсету дағдылары бекітіледі.
3-аялдама: «Ойлан, тап!»
Қазақ халқы көршісімен тату тұрған. «Көрші — көрші» десең де, «ыстық бауырсақ» десең де, барын бөліскен. Енді біз де жұптасып, «Көрші — көрші» ойынын бастаймыз.
Жұптық жұмыс: сөздер жазылған кәртішкелер арқылы 7 сөйлем құрастыру.
Үлгі сөйлемдер (Өскемен туралы)
- Біз Өскемен қаласында тұрамыз.
- Өскемен — Шығыс Қазақстан облысының орталығы.
- Өскемен қаласы 1720 жылы салынған.
- Қалада мектептер, медициналық мекемелер, кітапханалар, мәдениет сарайы, 3 мұражай және университеттер бар.
- Қаланың кең, әдемі көшелері мен даңғылдары көп.
- Өскеменнің басты даңғылдарының бірі — Абай даңғылы.
- Біздің қала әсем.
Қала көшелерінің тарихы
1-оқушы
Карл Либкнехт көшесі (бұрынғы Троицкая)
Троицкая көшесі — қаладағы ең көне көшелердің бірі. Ол Ертіс өзенінен басталып, Үлбі өзеніне дейін созылады. Бұл көшеге бір кездері Өскеменнің ең ауқатты адамдары үйлерін салған. 1920 жылы көшеге К. Либкнехт есімі берілді.
2-оқушы
Мир көшесі (бұрынғы Андреев)
Андреев көшесі Ертіс өзенінен басталып, базар алаңын қиып өтеді. 1886 жылы бұл көшеде ер балаларға арналған екі қабатты бастауыш училище салынған. Қазір бұл — Мир көшесі, жасыл желекке бөленген тыныш көше.
3-оқушы
Киров көшесі (бұрынғы Үлкен көше)
1935 жылға дейін бұл көше Үлкен көше деп аталған. Ол кең, түзу әрі қаланың ең шулы көшелерінің бірі болған. Дәл осы жерде алғаш рет тас төсем мен ағаш тротуарлар салынды, халықтық мерекелер мен жаңа жылдық шаралар өткізілді. Қазір бұл — Киров көшесі.
4-оқушы
Ушанов көшесі (бұрынғы Никольский)
XIX ғасырдың екінші жартысында Никольский көшесі қалыптасты. Бұл жерде жоғары мәртебелі адамдар тұрған. Көшенің ең көрнекті ғимараттарының бірі — 1897 жылы салынған приход училищесі. 1930–1958 жылдары бұл ғимаратта мұғалімдер училищесі жұмыс істеді. Қазір бұл — Ушанов көшесі.
4-аялдама: Аудармашы
Мәтінді орыс тіліне аудару тапсырмасы.
Мәтін: «Қала»
Біз үлкен қалада тұрамыз. Қаланың кең, әдемі көшелері мен даңғылдары көп. Біздің қалада қонақ үйлер, кітапханалар, тоғыз қабатты үйлер бар. Қалада мұражайлар, театр, мәдениет сарайы бар. Біздің қала әсем.
Сабақты қорытындылау
Балалар, саяхатымыз өте жақсы өтті. Білімдеріңді сенімді көрсете алдыңдар, сұрақтарға нақты жауап бердіңдер, мәтінмен жұмыс жасап, өз ойларыңды жүйелі жеткіздіңдер.
Үй тапсырмасы
-
1) Мақал-мәтел
Отан туралы 5 мақал-мәтел жаттап келу.
-
2) Жазылым
«Біздің қала» тақырыбына 7 сөйлем жазу.
-
3) Шығармашылық жұмыс
«Өскемен» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.