Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары

Сабақтың тақырыбы

«Рационал санның модулі»

Сабақтың мақсаты

  • Санның модуліне анықтама беру және рационал сандардың модульдерін табуды үйрету.
  • Координаталық түзу бойындағы сандардың модульдерін анықтай білуге машықтандыру.
  • Модуль қатысқан есептерді шығару дағдысын қалыптастыру және қорытынды тұжырым жасауға бағыттау.

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, электрондық оқулық, координаталық түзу, карточкалар, оқулық және қосымша үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы

  1. 1. Ұйымдастыру жұмысы

    1 минут
  2. 2. Өтілген тақырыпты қайталау

    Карточкамен жұмыс

    Тақтаға үш оқушы шығып, карточкалар арқылы сұрақтарға жауап береді.

    Қайталау сұрақтары

    • Бүтін сандар мен рационал сандардың анықтамалары.
    • Қарама-қарсы сандардың анықтамасы.
    • Координаталық түзу ұғымы.
    • Рационал сандарды салыстыру ережесі.
    • Таңбалар ережесі.

    Ауызша есептер

    1. 1) −5 санына қарама-қарсы санды атаңдар.
    2. 2) 2,3; 0; −19,7; 39; 0,05 сандары қай сандар жиынына жатады?
    3. 3) 58,1 мен −56,7 сандарын, 48 бен −63 сандарын салыстырыңдар.
    4. 4) 0 санын оң және теріс сандармен салыстырыңдар.
      −5 −4 −3 −2 −1 0 1 2 3 4 5 6
    5. 5) Координаталық түзудегі A және B нүктелерінің координаталарын тауып жазыңдар және оларды салыстырыңдар.

      (Сызба бойынша орындау.)

  3. 3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. 4. Электрондық оқулықпен жұмыс

  5. 5. Оқулықпен жұмыс

  6. 6. Жаңа сабақты бекіту

  7. 7. Үйге тапсырма

  8. 8. Оқушыларды бағалау және сабақты қорытындылау