Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
Топтамадағы сабақтар тізімі
- Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, есептер шығару.
- Бүтін теңдеулерді шешу.
Алгебра (7-сынып): ашық сабақ жоспары
Тақырыбы
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып, есептер шығару.
Түрі және типі
- Түрі: топтық сайыс сабақ.
- Типі: қайталау, бекіту.
Әдісі
Практикалық, сұрақ-жауап.
Мақсаты
- Формулаларды әртүрлі есептеулерде қолдану дағдысын қалыптастыру.
- Есеп шығару барысында оқушылардың қабілетін, белсенділігін, білімін және пәнге қызығушылығын дамыту.
- Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа баулу және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Сабақтың жүру барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау және берілген есептердің дұрыс орындалуын тексеру.
а) Қысқаша көбейту формулалары
Айырма квадраттары
a2 − b2 = (a − b)(a + b)
Қосындының квадраттары
(a + b)2 = a2 + 2ab + b2
ә) Берілген есептерді тексеру
I топ
392 = (40 − 1)2
= 1600 − 80 + 1
= 1521
II топ
312 = (30 + 1)2
= 900 + 60 + 1
= 961
III топ
512 = (50 + 1)2
= 2500 + 100 + 1
= 2601
Негізгі ой
Қысқаша көбейту формулалары есептеуді жеңілдетіп, сандармен жылдам әрі дәл жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Топтық жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып, білімді бекітуге тиімді жағдай жасайды.