Сабаққа дайындықтарың қалай
Сабақтың тақырыбы
Үйшік (орыс халық ертегісі)
Сабақтың мақсаты
Орыс халық ертегісін түсініп оқу, диалог құрастыру және ертегіні сахналау.
Міндеттері
- Ертегідегі негізгі ойды анықтау.
- Кейіпкерлерді диалог арқылы сөйлету.
- Топпен жұмыс жасап, көрініс қою.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар ертегідегі негізгі ойды анықтап, кейіпкерлерді диалог құру арқылы сахналап көрсете алады.
Көрнекіліктер
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу. Сынып жануарлардың суреттері арқылы 5 топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық: «Ақ тілек», «Әсем күлкі»
- — Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- — Керемет! (қолдарын көтереді)
- — Сабаққа дайындықтарың қалай?
- — Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- — Ынталарыңыз қалай?
- — Ғажап! (қолдарын көтереді)
- — Ендеше сабағымызды бастайық!
- — О-о-о (бас бармағын көтереді)
II. Өтілген материалды еске түсіру
Наурыз мерекесіне қатысты суреттер ұсынылады. Оқушылар мереке туралы өз ойларын ортаға салады.
1) «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы
Наурыз мерекесіне байланысты берілген суретке сүйене отырып, оқушылар шағын әңгіме жазады.
2) «Автор орындығы» стратегиясы
Оқушылар өз жазған әңгімелерін «Автор орындығына» отырып оқып береді.
III. Жаңа сабақты меңгерту
Сұрақтар
- «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?
- Ертегілердің қандай түрлері бар?
Ертегілердің түрлері (сызбаны толтыру)
1) Жан-жануарлар туралы
2) Қиял-ғажайып
3) Шыншыл ертегілер
Мәтінмен жұмыс: «Болжау кестесі»
- Болжау кестесі арқылы мәтінді оқып беру.
- Ертегінің мазмұнын бейнебаян арқылы түсіндіру.
- Ертегіні іштей оқыту.
- Оқушыларға жеке-жеке тізбектеп оқыту.
IV. Топтық жұмыс: сахналау
Кейіпкерлер арасында диалог құрастырып, ертегіні сахналаңдар.
1-топ
Тышқан мен бақа
2-топ
Қоян және басқа аңдар
3-топ
Түлкі және басқа аңдар
4-топ
Қасқыр және басқа аңдар
5-топ
Аю және басқа аңдар
V. «Суреттер сөйлейді» әдісі
Егер сендер осы жануарлардың орнында болсаңдар, қандай үй салар едіңдер? Әр оқушы өз армандаған үйінің суретін салады.
VI. «Адасқан сөздер» ойыны
Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен сәйкестендір.
| Іс-қимыл | Аң |
|---|---|
| Секірді | Түлкі |
| Алақ-жұлақ | Аю |
| Қорбаңдады | Қасқыр |
| Жүгірді | Бақа |
| Ытқып-ытқып | Тышқан |
| Қуанды | Қоян |
VII. Мақал-мәтелдерді түсініп оқу
- 1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
- 2. Ырыс алды — ынтымақ.
- 3. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
VIII. Бағалау, қорытындылау, үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
Қорытындылау
Ертегідегі негізгі ой мен кейіпкерлер әрекеті талқыланады.
Үй тапсырмасы
- Ертегіні түсініп оқу.
- Ертегінің мазмұны бойынша сурет салу.