Менің мейірімді жүрегіме рахмет
Өзін-өзі тану
Тақырып 1
Бәрінің бастауы — махаббат
Тақырып 2
Мейірімділік — асыл қасиет
Тақырып 3
Дос болайық бәріміз
Тақырыбы: Бәрінің бастауы — махаббат
Бұл сабақтың негізгі идеясы — махаббатты рухани құндылық ретінде тереңірек түсіну және әр қатысушының өзін мейірім мен махаббаттың көзі ретінде қабылдауына ықпал ету.
Мақсаты
Махаббат ұғымын рухани құндылық ретінде кеңейту; қатысушылардың өздерін махаббат көзі ретінде қабылдауын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар
- Үнтаспа
- Бейнефильм
Міндеттері
- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
- Өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты дамыту.
- Мейірбандыққа тәрбиелеу.
Амандасу
Біздің бүгін жиналғанымыз қандай тамаша! Біз сіздерді көруге қуаныштымыз. Сіздерді «махаббат шеңберіне» шақырамыз.
Келіңіздер, тағы бір рет амандасайық.
Өлең
Жан-жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса —
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса —
Жүрегім жыли бастайды.
Жүректен жүрекке
Өнеге сағатының соңында балалар айналасына мейірімін жылы сөздері арқылы білдіреді. Сабақ соңында оқушылар жүрек түкпіріндегі игі сезімдеріне ризашылық айтып, өз-өзін бағалауға бағытталған қысқа рефлексия жасайды.
Жаттығу
Оқушылар оң қолын жүрек тұсына қойып, кезекпен төмендегі сөйлемдерді айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Менің жылы жүрегіме рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі сүйіспеншілік сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
- Тағы басқа да жылы сөздер...
Ән
Сабақ соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.
Қоштасу
Қоштасар алдында Сара апайға не айтамыз?
Балалар: «Рахмет, бақытты балалық шаққа!»