Сандарды жаз

Математика • 4-сынып

Сандарды, шамалар мәндерін және есептерді салыстыру

Бұл сабақта оқушылар сандарды разрядтарға жіктеу арқылы салыстыруды үйренеді. Сонымен қатар тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға дағдыланады.

Жалпы мақсат

  • Сандарды разрядтарға жіктеу арқылы салыстыру.
  • Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға машықтандыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп, салыстыра алады.
  • Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығара алады.

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау Постер Миға шабуыл Конверт-сұрақ Бес саусақ

Құрал-жабдықтар

  • АКТ
  • A3 қағазы
  • Постер
  • Маркерлер
  • Бағалау парақшасы

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Жылы атмосфера • Топқа бөлу • Бағалау
  • «Шаттық шеңберін» ұйымдастырып, оқушыларға бір-біріне сәттілік тілеуді ұсынамын.
  • Ойыншықтардың түстері арқылы екі топқа бөлемін.
  • Әр оқушыға бағалау парақшасын таратамын.

Үй тапсырмасын тексеру

Білу • Түсіну

Ой қозғау

Төмендегі сипаттамаға сәйкес сандарды атаңдар:

  1. Екінші кластың 40 бірлігі және бірінші кластың 860 бірлігі бар.
  2. Екінші кластың 6 бірлігі және бірінші кластың 300 бірлігі бар.
  3. Екінші кластың 9 бірлігі және бірінші кластың 320 бірлігі бар.
  4. Екінші кластың 50 бірлігі және бірінші кластың 126 бірлігі бар.

Қолдану

Постер жұмысы

1-топ

№1 тапсырма

2-топ

№2 тапсырма

Нұсқаулық

  • Сандарды жазыңдар.
  • Әр санды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер.
  • Қандай қорытынды жасауға болатынын талқылаңдар.