Суреттен керегені көрсету
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердешева Жадыра
Тақырыбы
Қыс — Абай Құнанбаев
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Мақсаты
Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту; «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу; оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау.
Міндеттері
- Қыс мезгілі мен оның ерекшеліктерін өлең арқылы түсіндіру; мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
- Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, елестету қабілетін және салыстыру дағдыларын дамыту.
- Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жер табиғатын сүйе білуге баулу.
Қажетті ресурстар
Көрнекіліктер
- Абайдың суреті
- Қыс мезгіліне қатысты суреттер
- Музыкалық сүйемелдеу
Ақпараттық құралдар
- Компьютер
- Экран
- Мультимедиалық проектор
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру, оқу мақсатын қысқаша таныстыру.
2) Жаңа сабақ
Жетелеуші сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атаңдар.
- Бүгінгі ауа райы туралы не айта аласыңдар?
Жұмбақтар
- Қыста бар да, жазда жоқ.
-
Құлағы мен көзі жоқ, жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз, мәнерлеп ою ояды. -
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр — қатты-ақ. -
Қанаты жоқ — ұшады.
Аяғы жоқ — желеді.
Аузы жоқ — ұлиды.
Ой қозғау (дәптермен жұмыс)
- «Қыс» дегенде ойларыңа не келеді? Ойларыңды топтастырып жазыңдар.
- Қыс несімен қызықты?
- Қыста ауа райы үнемі осылай жайлы бола ма?
- Суретке қарап, ауа райының қай түрі бейнеленгенін анықтаңдар.
Осы кіріспеден кейін бүгінгі сабақта Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Абай Құнанбаев — ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Әжесі Зеренің тәрбиесінде өсіп, жастайынан зеректігімен танылған. Кейін Семей қаласында медреседе үш жыл білім алған.
Өлеңмен жұмыс
Мәнерлеп оқу
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар тізбек бойынша әрқайсысы бір шумақтан оқиды.
Талдау
- Өлеңнің мазмұны мен идеясын анықтау.
- Көркем сөздер мен бейнелі тіркестерді табу.
- Қыс бейнесінің суреттелуін өмірмен байланыстыру.
Түсініксіз сөздер
- Соқыр — көзі көрмейді.
- Мылқау — естімейді.
- Долданғанда — ашуланғанда.
- Алты қанат ақ орда — керегесіне қарай киіз үйдің үлкендігін білдіреді. Кереге суреттен көрсетіліп, «алты, он екі, жиырма төрт қанат» атауларының мәні түсіндіріледі.
3) Бекіту
Сұрақтар
- Ақын қысты кімге (неге) теңейді?
- Өлеңдегі адам бейнесінде берілген қысты сипаттаңдар.
- Өлеңде балалар туралы не айтылады?
- Малшы туралы не делінген?
Ойланайық
Қар қыста қай кезде сықырлайды?
Салыстыру тапсырмасы
Берілген суретті ақынның өлеңімен салыстырыңдар. Қандай ұқсастық бар?
Бағалау
Оқушылардың мәнерлеп оқуы, талдауға қатысуы, сұрақтарға жауап беруі және тапсырмаларды орындауы бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
- «Қыс» өлеңін жаттау.
- Абайдың қысты суреттеу тәсілін негізге ала отырып, шағын шығарма жазу.