Сабақтың тақырыбын Сөз тапқанға ойынымен тауып алу

Сабақ тақырыбы: 6-ны қосу және азайту

Бұл сабақ өтілген материалды бекітуге және оқушылардың есептеу дағдысын дамытуға бағытталған.

Мақсаты

  • Кестелік қосу мен азайтуды әртүрлі есептерді шығаруда қолдануға машықтандыру.
  • Тез әрі дұрыс есептеу дағдысын қалыптастыру.
  • Таза әрі әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақ туралы деректер

Көрнекілік
Кестелер, Венн диаграммасы, есте сақтау қабілетіне арналған тапсырмалар, қалташалар.
Сабақ түрі
Өтілген материалды бекіту, дамытушылық.
Қолданылған әдістер
Сұрақ-жауап, салыстыру, ойын элементтері.
Пән байланысы
Қазақ тілі, ана тілі.

Сабақ барысы

1) Психологиялық дайындық

Сабақ басында оқушылардың көңіл күйін көтеріп, ортақ жұмысқа бағыттау үшін қысқа өлең жолдары айтылады:

Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансыз ба, ұстазым?
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

2) Ширату: ми гимнастикасы

Мұғалім айтқан сөздерге мәндес сөздерді тауып айту арқылы оқушылардың ойлау жылдамдығы мен сөздік қоры дамытылады.

білімді

сауатты

мереке

мейрам

қуанышты

көңілді

ашу

ыза

зілдей

ауыр

сәлемдесу

амандасу

суық

салқын

баспана

үй

аспан

кеңістік

мейман

қонақ

3) Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша жұмыс

№3, №6 (81-бет).

Дидактикалық ойын: «Үндемес»

ауызша есептеу

Оқушылар ауызша өрнектерді оқып, олардың мәндерін айтады.

4) Жаңа сабақ

Тақырыпты анықтау

Сабақтың тақырыбы «Сөз тапқанға» ойыны арқылы табылды.

Кестелік жұмыс

Ойын түрінде 6-ны қосу кестесі жатқа сұралады. Оқушылар санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерін қайталайды.