Ұқсастығы сөйлемдер
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы
Жай және құрмалас сөйлем (31–36-жаттығулар), 4-сынып
Оқу мақсаты
- Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік қалыптастыру.
- Айырмашылығы мен ерекшеліктерін тапсырмалар арқылы меңгерту.
Мектеп / Мұғалім
30 бастауыш мектеп
Ә. Е. Ералиева
Сабақтың басы
I. Психологиялық дайындық
Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы тілектерді бір-бірімізге сыйлайық!
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілек айтады: «Бүгін саған сәттілік тілеймін», «Бестік алуыңа тілектеспін», «Сабақта жақсы жауап бер», т.б.
Топқа бөлу
Оқушыларды күзгі жапырақтар арқылы 3 топқа бөлу: сары, қызыл, қызғылт.
Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлайды.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру: әр топтан екі оқушы шығып, берілген сұрақтарға жауап береді.
- Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.
- Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есім болған екі сөз тіркесін ата.
- Бірінші сыңары зат есім, екінші сыңары етістік болған сөз тіркесін ата.
- Суретке қарап, сөз тіркесін құрап айт.
- Екінші сыңары негізгі мағынаны білдіретін және сол арқылы бірінші сыңарына сұрақ қоюға болатын сөз тіркесін құра.
- «Қазақша сөйлеу» сөз тіркесінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықта.
Сабақтың ортасы
«Мен мұғалім рөлінде» әдісі
Алдын ала бір оқушыға тапсырма беріледі. Оқушы 31-жаттығудағы бағандардың екі жағындағы сөйлемдерді оқып, салыстырады.
Жай сөйлемдер
- Қоңырау соғылды.
- Ауылдан атам келді.
- Әжем жіп иірді.
Құрмалас сөйлемдер
- Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
- Ауылдан атам келді де, мені циркке апарды.
- Әжем жіп иіріп, одан кеудеше тоқыды.
Ұқсастығы
- Сөйлемдер аяқталған ойды білдіреді.
- Хабарлы сөйлем түріне жатады.
Айырмашылығы
- Сол жақ бағандағы сөйлемдер бір ғана тиянақты ойды білдіреді (жай сөйлем).
- Оң жақ бағандағы сөйлемдер екі ойды білдіреді (құрмалас сөйлем).
- Құрмалас сөйлемде бөліктері көбіне үтір арқылы ажыратылады.
Қорытынды идея
Жай сөйлем бір ойды білдіреді, ал құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп ойды байланыстырып береді.