Нөмірленген және маркерленген тізім
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар.
Сабақтың типі
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік сабақ.
Көрнекілігі
- Компьютер кешені
- Презентация
- Word редакторындағы пішімдеу батырмаларының қызметі
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға тізім мен баған ұғымдарын түсіндіру.
- Мәтіндік редактордағы тізім түрлерімен таныстыру.
- Мәтіндік редакторда тізімдермен және бағандармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
Білім мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс
- Тізім мен баған дегеннің не екенін;
- Тізім мен бағанның түрлерін;
- Тізім мен баған қосудың қарапайым тәсілдерін;
- Мәтінді тізімге айналдыруды;
- Тізімді пішімдеуді;
- Баған түрлерін орнатуды.
Оқушы меңгеруі тиіс
- Тізім мен баған түрлерін қолдануды;
- Қарапайым тізім түрлерін орнатуды;
- Баған қосуды;
- Мәтінді тізім мен бағанға орналастыруды.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру және өткенді қайталау
Балалар, өткен сабақтарда Microsoft Office 2013 пакеті құрамындағы Microsoft Word мәтіндік редакторымен таныса бастадық: оның қандай бағдарлама екенін, не үшін қолданылатынын, қалай іске қосылатынын, терезе құрылымын, құжат құру және сақтау жолдарын үйрендік.
Бүгінгі жаңа тақырыпқа өтпес бұрын, сол негізгі түсініктерді қысқаша қайталап, қаншалықты есте сақталғанын тексерейік. Тест тапсырмалары презентация арқылы орындалады.
Енді өткен білімді практикада қолдана алатынымызды көрейік. Компьютерде жұмыс жасаймыз: жұмыс үстелінен «информатика - 6 кл» қалтасын ашып, «практика - 1» файлын таңдаңдар.
Практикалық тапсырма: жұмбақтарды пішімдеу
Төмендегі жұмбақтарды Word редакторында теріп, көрсетілген үлгі бойынша пішімдеңдер.
1-жұмбақ
Ақпаратты сақтап, таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
Пішімі: Arial, 20
2-жұмбақ
Батырмасын басасың,
Қажет файлды ашасың.
Пішімі: Verdana, 18
3-жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз-қаламсыз.
Пішімі: Times New Roman, 26
4-жұмбақ
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.
Пішімі: Tahoma, 36
Жарайсыңдар! Word редакторында мәтінді пішімдеуді жақсы меңгеріп келесіңдер. Бүгін де пішімдеуді жалғастырып, тізімдер мен бағандармен жұмыс жасауды үйренеміз.
Жаңа тақырып: тізімдер және бағандар
Тізім — қандай да бір шамалардың реттелген жиынтығы. Тізім тұрмыста және оқу үдерісінде жиі қолданылады: оқушылар тізімі, қоймаға түскен тауарлар тізімі, олимпиадаға іріктеуден өткен спортшылар тізімі, кабинеттегі техника қауіпсіздігі ережелері, А дәруменіне бай жемістер тізімі және т.б.
Word редакторында тізімді жазудың үш түрі бар: нөмірленген, маркерленген, көпдеңгейлі.
Нөмірленген тізімге мысал
Компьютермен жұмыс барысында көзді шаршатпау үшін мына талаптарды орындау керек:
- Мониторға дейінгі арақашықтық 55–65 см-ден кем болмауы керек.
- Компьютер алдындағы жұмыс уақыты 25 минуттан аспауы керек.
- Экранның ортасына тура қарау керек.
- Жиі-жиі көзге, мойынға, арқаға арналған жаттығулар жасап отыру керек.
- Дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар міндетті түрде көзілдірік киіп отыруы керек.
Сынақтан өткен оқушылар
Маркерленген тізімге мысал
Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері:
- Сандық
- Мәтіндік
- Графикалық
- Дыбыстық
- Бейне
Нөмірленген тізім реттілікті көрсетеді, ал маркерленген тізім элементтердің тең маңыздылығын айқындайды.