Екі дос ертегісін көрсету
Тәрбие сағаты: «Досымның тілі – менің тілім»
Бұл тәрбие сағатының басты мақсаты – әр ұлттың тілін үйренуге ұмтылу, олардың мақал-мәтелдерін, достыққа арналған тақпақтарын, ойындарын білу және есте сақтау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу көзделеді.
Мақсаты
- Әр ұлттың тілін үйренуге ынталандыру.
- Мақал-мәтелдер мен достыққа арналған өлең-тақпақтарды меңгерту.
- Ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі
- Достар туралы суреттер
- Достыққа қатысты мақал-мәтелдер
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Жер шарында шамамен 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазіргі таңда планетамызда 5651 тіл бар, сол тілдерде миллиардтаған адам сөйлейді. Қазақ тілінде 10 миллионға жуық адам сөйлейді.
2-жүргізуші
Әлемде көп тілді елдер де бар. Мәселен, Үндістанда бірнеше жүз тіл мен диалект кездеседі. Солтүстік және Оңтүстік Америкада үндіс халықтары бірнеше жүздеген тілде сөйлейді. Африкада да жүздеген тілде сөйлейтін тайпалар өмір сүреді, ал олардың диалектілері одан да көп.
1-жүргізуші
Дүниежүзіндегі ең көп тараған тілдерге қытай, ағылшын, хинди, орыс, урду, жапон, неміс, индонезия, бенгал, португал және итальян тілдері жатады.
2-жүргізуші
Орыс немесе ағылшын тілдерінің әрқайсысының сөздік қоры миллионға жуық делінеді. Алайда қазақ тілінің байлығы да бұлардан кем емес. Әрқайсымыздың түрлі ұлттан достарымыз бар. Ендеше, олардың амандасу үлгілерін, тақпақтарын, ән-билерін ұсынайық.
Амандасу
Оқушылар таныстырылымы: «Менің досым»
1-оқушы
Менің досым – Шиш Римма. Ол 10 жаста. Біз кішкентай кезімізден доспыз. Ұлты – орыс. Римма өлең айтуды және сурет салуды жақсы көреді. Ол сыныптағы белсенді оқушылардың бірі.
2-оқушы
Менің досым – Әсия. Ол қазақ, жасы 11-де. Би билеуді, өлең айтуды жақсы көреді. Біз Әсия екеуіміз мектепке бірге барамыз. Әрдайым бір-бірімізге көмектесеміз. Әсия үйде анасына да үнемі қолғабыс етеді.
3-оқушы
Менің досым – Саша. Ол неміс, жасы 10-да. Ол маған неміс тілін үйретеді. Мектепте үздік оқушылардың бірі. Екеуіміз өте жақсы доспыз.
4-оқушы
Менің досым – Нина. Ұлты – беларус. Нина үйінде өз тілінде сөйлеседі. Оған қазақтың ұлттық тағамдары қатты ұнайды. Мен досымды құрметтеймін, ол да мені жақсы көреді.
Достық әні
Если с другом вышел в путь,
Если с другом вышел в путь,
Веселей дорога.
Без друзей мне не везёт,
Без друзей мне плохо.
Что мне снег, что мне зной,
Что мне дождик проливной,
Когда мои друзья со мной.
Достық туралы тақпақтар
1-оқушы
Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
2-оқушы
Екі құрбы дос болады,
Мінез-құлқы үйлесіп.
Көрсе көңілі хоштанды,
Жоқта жайсыз күй кешіп.
3-оқушы
Өкпелесіп сызданбайды,
Бірін-бірі сыйлайды.
Жақсылықты қызғанбайды,
Жамандыққа қимайды.
4-оқушы
Алғыс айтып, елден сауық,
Оқуда артта қалмайды.
Төнген қатер-қауіптерден
Бірін-бірі қорғайды.
5-оқушы
Ұнатып жан кеңшілігін,
Берілмей бос сезімге.
Бір-бірінің кемшілігін
Түзетеді кезінде.
6-оқушы
Ақылдасып, кеңеседі,
Өзара сыр жасырмай.
Айқындалған келешегі –
Дос болыңдар осындай.
Көрініс
«Екі дос» ертегісінен көрініс көрсетіледі.
Мақал-мәтелдер: достықтың айнасы
- Жаман жолдастан жау жақсы.
- Жолдастың жақындығы жолда жүргенде білінеді.
- Не имей 100 рублей, а имей 100 друзей.
- Жүз қойың болғанша, жүз досың болсын.
- Друзья познаются в беде.
- Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.
- Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол.
- Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
Автор туралы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Горьковский орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – Ғабдуллина Сәуле Қайыргелдіқызы.