Ән туралы аңызСабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

«Ән туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: Оқушыларға ән өнерінің қазақ халқына қалай дарығанын, халықтың оны қалай қастерлеп, құрметтегенін түсіндіру.
  • Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін дамыту; сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету.
  • Тәрбиелік: Тақырып арқылы қазақ халқының мәдениетін танып-білуге, өнерді сүюге, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаты

Типі:
дәстүрлі
Түрі:
жаңа сабақ
Әдісі:
ассоциация, сызба

Қамтамасыз ету

Көрнекілігі:
суреттер, слайдтар, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, домбыра
Пәнаралық байланыс:
ән-әуез, география, әдебиет

Кіріспе ой: өнер — халық шежіресі

Адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін сөз, қолөнер, музыка — халық тарихының шежіресі. Адамның қайғысы мен қуанышы, өмір-тіршілік құбылыстары да осы өнер арқылы бейнеленеді.

Қазақ халқының ежелден өнерді сүйетін, өнерге бай халық екені белгілі. Өнердің түрі көп: сөз өнері — шешендікпен, би өнері — қимыл-қозғалыс көркімен, қолөнер — шеберлікпен, сурет өнері — қылқалам қуатымен, кино-театр өнері — сахна мәдениетімен танылады.

Бүгінгі тақырып — өнердің аса қастерлі бір саласы, ән өнері. Халықпен бірге жасасып, оның тарихи-әлеуметтік өмірін, толғаныс-тебіренісін баян етіп келе жатқан мұраның бір арнасы — ән мен күй.

Қай уақытта, кім шығарғаны белгісіз халық музыкасында таңғаларлық көркемдік кездеседі. Оны ешкім екпей, ешкім баптамай, өзінен-өзі жайқалып өскен дала гүліне теңеуге болады.

Жазу-сызу кең таралмаған кезеңдерде туған әндердің авторлары ұмыт қалғанымен, әуені мен мәтіні ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, халық әндері деп аталып кетті. Әннің халыққа қалай жеткені туралы аңыз да көп. Сол аңыздардың бірі — бүгінгі сабағымыздың өзегі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгелдеу
  • Назарларын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: «Музыка өнері» тақырыбы бойынша конспект жазу.

III. Жаңа сабақ

1) Сөздікпен жұмыс

Жұмыс түрлері

  • Мәтінді мәнерлеп оқу
  • «Еріксіз», «көгілдір таулы» сөздерімен сөз тіркестерін құрастыру
  • «Ұйып тыңдапты», «жер бауырлай ұшты» тіркестерімен сөйлем құрастыру
  • «Еріксіз» сөзін сөз құрамына қарай талдау

Сөздік (қазақша — орысша)

Әсем саз
красивая мелодия
Ақша бұлт
облачко
Жер бауырлай ұшты
летать низко
Көгілдір таулы
зеленые горы
Еріксіз
невольно
Ұйып тыңдапты
внимательно слушал
Құлағына құйып алыпты
хорошо запомнил
Көмей
гортань

2) Мәтінмен жұмыс: «Мәтін бөліктері» ойыны

Ойын шарты: 2–3 оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды. Одан кейін карточкалар арқылы бір оқушы кіріспе бөлімді, екіншісі негізгі бөлімді, үшіншісі қорытындыны айтады. «Толықтыру» карточкасы бар оқушы қалған тұстарын толықтырады.

  • Мәнерлеп оқу (2–3 оқушы)
  • Карточка бойынша әңгімелеу (сұрақтар арқылы мазмұндау)

3) Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма: талқылау сұрақтары

  1. Халқымыз неліктен «әнші халық» атанған?
  2. Ән өнеріне, әншілерге деген көзқарасың қандай?
  3. Өнер және музыкалық аспаптар туралы қандай аңыз-әңгімелер білесіңдер?

Қазақ елінде өмір сүріп, қазақ баласы болғандықтан, әрқайсымыздың көмейімізде жыр, көкірегімізде ән сайрап тұрғандай. Адам жанын тебірентетін өнерден асқан ғажайып жоқ: өнерсіз өмір — тұл, өнерден хабарсыз адам — рухани жетім.

Музыка арқылы біз мұңая да, қуана да, ойлана да аламыз. Әуенде адамның көңіл күйі мен сезімі бар. Үн арқылы санамызға нұр құйып, өмір сырын шертетін ақындардың өлең тақырыптары да сан алуан. Соның бірі — ана тақырыбы.

8 наурыз — халықаралық әйелдер мен аналар мерекесі болғандықтан, ана туралы жазылған өлеңдердің бірнешеуінің авторы мен сазгерін тауып, орындап көреміз.

2-тапсырма: өлең жолдарымен жұмыс

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді,

Сәбилік сезіммен

Арнаймын сөзімді.

Қосымша: Өлеңдерді сөз құрамына қарай талдау.

3-тапсырма

«Ән», «әнші» сөздерімен тіркесе алатын сын есімдерді табу; оларды түрлеріне қарай ажырату; орыс тіліне аудару.

4-тапсырма

«Менің сүйікті әнім және әншім» тақырыбында эссе жазу.

5-тапсырма

Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, жай сөйлемдер құрастыру:

әртіс халық әртісі еңбек сіңірген әртіс жеке концерт Республика сарайы Қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары орындаушы қаржылық қолдау орындау

6-тапсырма: сұхбат (диалог құру)

Ержан: Бүгін Республика сарайында қазақ эстрада жұлдыздарының концерті болады. Мен екі билет сатып алдым: 5-қатар, 18 және 19-орын. Залдың дәл ортасы. Барайық па?

Алма: Концерт сағат нешеде басталады?

Ержан: Кешкі сағат жетіде басталады.

Алма: Концертке кімдер қатысады?

Ержан: Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Нұрлан Өнербаев, Бейбіт Сейдуалиева, Толқын Забирова, «Муз-Арт» тобы, «Жігіттер» квартеті ән айтады.

Алма: Белгілі әншілер жиналған бұл концерт келе жатқан Наурыз мейрамына арналған ба?

Ержан: Иә, дәл солай.

Алма: Онда кешке сағат нешеде кездесеміз?

Ержан: Республика сарайының алдында сағат алты жарымда кездесеміз. Кешікпей кел!

Алма: Жарайды, көріскенше.

Сергіту сәті

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар:

Әнді сүйсең — менше сүй.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

«Ән өнерінің қазіргі жағдайы» тақырыбында эссе жазу.