Дұрыс балалар төрт түліктің төресі - түйе

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті

№7 «Балдырған» балабақшасы

Тәрбиеші

Ербозова Бақыт

Тобы

I кіші топ

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекеті

Тіл дамыту

Тақырыбы

«Төлін тап»

Мақсаты

Білімділік

Балаларды жайлау табиғатын елестете отырып, табиғаттың әсемдігін сезіну арқылы үй жануарлары туралы түсінігін кеңейту; олардың төлдерін танып, ажыратып айтуға үйрету.

Дамытушылық

Дидактикалық ойын арқылы танымдық және ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Үй жануарларына сүйіспеншілігін арттырып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Балалар, шеңберге тұрайық. Шеңберіміз неге ұқсайды?

Балалар: Күнге.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Бөлмемізде күн бар ма? Күннің түсі қандай? Пішіні ше?

Балалар: Түсі сары, пішіні дөңгелек.

Тәрбиеші: Бәрекелді! Апайының жүрегі кім? Апайының тірегі кім? Әр бала өзін көрсетіп: «Мен!» дейді.

Тәрбиеші: Кішкентай ботақандарым, қошақандарым, қандай сүйкімдісіңдер!

Жайлауға саяхат

Бүгін біз үй жануарлары және олардың төлдері туралы әңгімелейміз. Жайлауға барғыларың келе ме?

Жайлау — жаз мезгілінде үй жануарлары жайылатын, құнарлы шөбі мен таза суы бар кең мекен.

Ендеше, автобусқа отырып, жайлауға бет алайық. Жайлаудың көркі қандай керемет: таза ауа, көк шөп, ағып жатқан су, киіз үй, айналасында жайылып жүрген төрт түлік.

Өлең жолдары

Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл, жасыл төңірек, Бейне жайған алаша.

Ұйымдастырушылық-ізденуші кезең

Жайлауда не көрдік?

Тәрбиеші: Міне, жайлауға да келдік. Сендер не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Тәрбиеші: Дұрыс. Киіз үй, қора, жайылып жүрген малдарды да көріп тұрмыз.

Түйе — бота

Төрт түліктің төресі — түйе. Түйенің төлін бота дейміз.

Дыбысы: «бө-бө».

Жылқы — құлын

Жылқы — көлік: алыс жерді жақындатады. Жылқының төлін құлын дейміз.

Дыбысы: «йо-йо-йо» (кісінейді).

Сиыр — бұзау

Сиырдың төлін бұзау деп атаймыз. Сиырдың сүтін ішеміз, етін пайдаланамыз.

Дыбысы: «мө-мө-мө».

Қой — қозы

Қойдың төлін қозы дейміз.

Дыбысы: «бә-бә».

Ешкі — лақ

Ешкінің төлін лақ дейміз. Қой мен ешкі өрісте бірге жайылады.

Дыбысы: «мә-мә».

Негізгі ұғым

Үйде бағып, еті, сүті, жүні, терісі сияқты пайдасы арқылы адамға қызмет ететін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Оларға күтім жасап, жағдайын жақсарту — біздің міндетіміз.

Тақпақтар

Бірге айтайық

Бә-бә деген қошақан, Өзі сондай момақан. Бө-бө деген әні бар, Жібек жүнді ботақан. Мө-мө деген әні бар, Бұзауым менің тағы бар. Йо-йо дейтін құлыным, Желбірейді тұлымың. Шөре-шөре, лағым, Тентек болма, шырағым.

Тыйым сөздер

«Ақты төкпе»

Яғни сүтті, айранды төгуге болмайды.

«Малды теппе»

Балалар, малды тебуге болмайды.

Бұл сөздерді есте сақтап, күнделікті өмірде ұстанайық.

Рефлексия және қорытынды

Қорытынды әңгіме

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Үй жануарларының төлдерін және олардың қалай дыбыстайтынын үйрендік. Барлығың маған ұнадыңдар. Рақмет, балалар!

Сабақты «Жайлау» әнімен аяқтаймыз.