Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
Мектебім – қуанышым!
Сабақтың типі мен түрі
- Типі
- Аралас
- Түрі
- Дәстүрлі
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Компьютер
Сабақтың мақсаты
-
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру, негізгі ойды ұғындыру және саналы, түсініп оқуға бағыттау.
-
Ойлау мен тіл дамыту
Оқу және жазу арқылы ойлау қабілетін, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
-
Тәрбиелік бағыт
Мектеп, ұстаз және оқушы арасындағы сыйластықты нығайта отырып, бірлікке, достыққа, өзара құрметке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
-
Сұрақ–жауап
Тақырыпты нақтылау, ойды дәлелдеу.
-
Ой қозғау
Алдын ала білімді белсендіру.
-
Өлең құрастыру
Шығармашылық қабілетті дамыту.
-
Орталықпен жұмыс
Топтық тапсырмалар арқылы ынтымақтастық қалыптастыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тақырыпты бекіту үшін сұрақтар арқылы әңгімелесу ұйымдастырылады:
- Мектепте мұғалімдер жұмыс істей ме?
- Мектепті директор басқара ма?
- Директор бүкіл мектеп ісін жүргізе ме?
- Ұстаз білім бере ме?
- Ұжымға кіші қызметкерлер кіре ме?
- Өз мектебіңді жақсы көресің бе?
- Мектепке білім алуға келесің бе?
- «Мектеп – білім ордасы» деген пікірмен келісесің бе?
- Мектепте жүгіресің бе?
- Мектеп іскерлікке, шеберлікке үйрете ме?
Үй тапсырмасын бекіту
Оқушылардың жауаптары «Мектеп» тақырыбына жинақталып, негізгі ұғымдар айқындалады.
Талқылауға сұрақ
Неліктен «қуаныш» сөзін мектеп ұғымына қосуға болады? Оқушылар өз ойларын дәлелдеп айтады.
3) Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Мектебім – қуанышым!»
Оқушылар орталықтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды орындайды және жұмыстарын қорғайды.
Оқу орталығы
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Сұрақ–жауапқа дайындалу.
Жазу орталығы
- «Мектеп» сөзін қатыстырып шағын мәтін құрастыру.
- 4 жолды өлең жазу.
Ғылым орталығы
- «Мектебім – мақтанышым!» тақырыбында өз мектебі туралы әңгімелеу.
- «Мектебім – жасыл желек!» тақырыбын талқылау.
Өнер орталығы
- Сурет салу.
- Жұмыстарын қорғау.
Экологиялық тәрбие
Мектеп айналасына ағаштардың суретін салып, табиғатты қорғау туралы халықтық қағидаларды еске түсіру (ағашты сындырмау, көгалды таптамау, көшетті күту).
Талқылау сұрақтары
Қорытынды
Барлығымыз да мектепке қуанышпен келеміз. Мектептің ақ түсі мейірімділік пен жылылықты білдіреді. Бұл — білім мен тәрбиенің, ізгілік пен құрметтің орны.
Мектебіміздің тарихына тоқтала отырып, оның ашылуына және қалыптасуына еңбек сіңірген тұлғаларды құрметтеу — әр оқушының парызы.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы мен жауаптары сабақ барысында көрсеткен белсенділігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Мектебім – қуанышым!» тақырыбы бойынша ой толғау немесе шағын мәтін жазу.