Сабаққа даярлығын тексеру
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бұл сабақ атмосфераның құрамы мен құрылысы туралы білімді жүйелеуге, негізгі ұғымдарды нақтылауға және оқушылардың тақырып бойынша түсінігін тереңдетуге бағытталған.
Сабақтың тақырыбы
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Сабақтың мақсаты
- Білімділік
- Атмосфера туралы ғылыми түсінікті қалыптастыру; жаңа ұғымдарды меңгеру деңгейін анықтау; ауаны зерттеу тәсілдерімен таныстыру; танымдық қызығушылықты арттырып, мағлұмат пен білім беру.
- Тәрбиелік
- Атмосфера қабатының тіршілік үшін маңызын түсіндіру арқылы экологиялық мәдениетке, отансүйгіштікке және табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық
- Қосымша материалдарды тиімді қолдануға дағдыландыру; ойлау қабілетін жетілдіру; сабаққа белсенді қатысуын ынталандыру.
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Атлас, кескін карта
- Сурет, сызба
- Көңіл-күй күнделігі, жетон
- INSERT кестесі, «қоржын»
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақ типі
- «Бақытты сәт» ойыны (жарыс сабақ)
- Сабақ түрі
- Қайталау (жинақтау) сабағы
- Әдіс-тәсілдер
- Ассоциация, ой қозғау, «бес жолды өлең», сұрақ-жауап, диктант, эссе, түсіндіру
- Пәнаралық байланыс
- Жаратылыстану, дүниетану
- Ұйымдастыру
- Жекелей және жалпы сыныппен жұмыс
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- 1Сәлемдесу.
- 2Оқушыларды түгендеу.
- 3Сабаққа даярлығын тексеру.
- 4Назарларын сабаққа аудару (1-слайд).
2) Қызығушылықты ояту
Бүгінгі сабақ — атмосфера туралы.
Ауа бізге өмір сыйлайды.
Әр оқушы білімге талпынсын,
Білуіміз керек атмосфера қабатын.
3) «Бақытты сәт» ойыны
2-слайд • 1-гейм: «Білім биржасы»
Сұрақтар:
- 1 Атмосфера дегеніміз не?
- 2 Ауа құрамында қандай газдар бар?
- 3 Атмосфера қабаттарын ата.
- 4 Тропосфера қабатының мәні қандай, қалыңдығы қанша?
- 5 Стратосфера қабатының мәні қандай, биіктігі қанша?
- 6 Ауаның тіршілік үшін маңызы қандай?
- 7 Атмосфераның жоғары қабаттарын зерттеу үшін не қолданылады?
- 8 Ауаны қалай қорғауға болады?