Данагөй қарт

Жарлы мен Данагөй қарт

Бір күні жарлы байғұс Данагөй қартқа жолығып, мұңын шағыпты: «Мен туғанымнан түкке жарымай келемін. Мен неге кедеймін?»

Сонда Данагөй қарт сабырмен жауап беріпті: «Себебі сен өзің ешкімге ештеңе бермейсің».

Жарлы: «Менің беретін ештеңем жоқ қой», — дейді.

Данагөй қарттың жауабы

Қарт жымиып: «Сенде беретін кем дегенде бес нәрсе бар», — депті.

  • 1

    Жүзің бар

    Күлімсіреп, айналаңа шуақ сыйла. Басқаларға қуаныш сыйлаған сайын, өзің де бақытқа бөленесің.

  • 2

    Аузың бар

    Адамдардың жақсы қасиетін айтып, жігер бер. Жылағанды жұбатып, мейірімді сөз айт.

  • 3

    Жүрегің бар

    Жүрегіңді ашып, жылу сыйла. Шынайы әрі шыншыл бол.

  • 4

    Көзің бар

    Айналаңа жанашырлық танытып, мейіріммен қара.

  • 5

    Аяқ-қолың бар

    Өзгелерге көмектесе аласың. Еңбек етуге денің сау.

Қарт сөзін түйіндеп: «Міне, көрдің бе — сен кедей емессің. Кедейлік адамның жүрегінде», — депті.

Ой түйін

Адамдар өмірде небір қиындықты бастан кешіріп, соның ішінен бақыт табады. Ал кейбіреулерге қиындықпен өмір бойы күресуге тура келеді. Кейде кедергіні адамның өзі жасап алады.

Бұл шағын әңгіме оқыған жанға ой салады.

Дайындаған: Асыл