Үйде отырған бәйбіше
Мағжан Жұмабаев
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Құйрыққа бауырды астарлап,
Пыс - пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр - ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр - ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті - қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Қатқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
Кет! - деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле - шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
А, жүгірмек, қой десе!.. -
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
Өһ! деп бір кекірді.
Аш бөрі
Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
Матриархат
М.Әуезовтiң «Абай жолы» poмaнындaғы әдет-ғұрып, тұрмыс¬-салтқа байланысты лексика
Мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
Абай жолы романындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
Отбасы - неке құқығы, мұрагерлік құқығы
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру
Ағаш түбінің босағанын көріп отырған жолаушы жанынан үміт үзіп
Үйдегі жалғыз жарық - ұмыт қалған балауыздың сәулесі
Тыңдап отырған әлгі қарт кісі
Айғаным Есіл бойын мекен еткен отырған атақты Мәлім қажының ұлы Сарғалдақтың қызы
Айнала аппақ қар. Даланың табиғаты тып - тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы - батырлар жыры
Даланың табиғаты тып - тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде
Біздің еліміз - жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған мемлекет
Ерлан мен Марат - түйдей құрдас, тату дос