Түлкінің шарты

Сабақ тақырыбы

7 саны (презентациямен)

Сабақтың мақсаты

  • Сандар туралы білімді қалыптастыру және 7 санымен таныстыру.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту; қосу мен азайтуды меңгерту.
  • Ұлттық дәстүрді дәріптеу.

Көрнекіліктер

  • Ертегі кейіпкерлері
  • Магнитті тақта
  • Құрастырмалы сандар
  • Санау таяқшалары

Негізгі идея

Сабақ ертегі желісімен өтеді: балалар тапсырмаларды орындау арқылы 7 санын меңгереді, тура/кері санайды, есеп шығарады және 7 санының ұлттық мәнін таниды.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Қуанамын мен де, қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым, арайлап атқан әр күнге.

Бүгін бізде математика сабағы. Бұған дейін қандай сандармен таныстық? 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6.

  • Әр суретті санап, тиісті санды шеңбер ішіне жазу.
  • 0-ден 6-ға дейінгі сандарды санау және жазу.

2) «Көршісін тап» ойыны

Балаларды ойынға шығару. 6 санының көршілерін табайық (алдындағы және кейінгі сан).

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — 7 саны. Яғни, біз бүгін 7 санымен танысамыз.

3) Ертегі арқылы оқу: «Бауырсақ»

Сабағымызды бастамас бұрын қандай ертегілерді білетінімізді еске түсіреміз. Бүгін бізге ертегілер елінен Бауырсақ қонаққа келді. Ол бізден көмек сұрайды.

Қоянның тапсырмасы: жыл мезгілдері

Қоян аш, Бауырсақты жегісі келеді. Егер жұмбақтарды шешсек, ол Бауырсақты босатады.

Жиын-терін болатын, қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Күз

Шанамен зырлап ойнайтын, шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Қыс

Күн ұзарып, қар еріп, су сайларға толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

Жауабы: Көктем

Қойны толы жеміске, көк майсалы еңіске. Көбелек қуып ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Жаз

Қорытынды: Бұлардың барлығы бір атаумен жыл мезгілдері деп аталады.

Аюдың тапсырмасы: санау және есеп

Аю да аш. Егер біз оған санауды үйретсек, Бауырсаққа тимейді.

  • Өткен сандарды тура және кері санау.

Есеп: Аю бал жинайтын кесе сатып алыпты, бірақ санын білмейді. 6 кіші кесе және 1 үлкен кесе бар. Барлығы неше кесе?

Шешуі: 6 + 1 = 7

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық, қалтамызға салайық.

Қасқырдың тапсырмасы: дәптермен жұмыс

Бауырсақ домалап келе жатып қасқырға кездеседі. Қасқыр да аш. Оның шарты — әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар тапсырмаларды орындап, қасқыр да Бауырсаққа тимейді.

Түлкінің тапсырмасы: есептер және 7 санының мәні

Соңында Бауырсақ түлкіге жолығады. Түлкі есептер шығаруды сұрайды, бірақ айлакер түлкі Бауырсақты бірден жібере қоймайды: «Мен 7 саны туралы көбірек білгім келеді» дейді.

7 саны — ерте заманнан бері қасиеті мен сыры мол, киелі сан.

Жеті ата

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Жеті қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, қыран бүркіт, құмай тазы, жүйрік ат, берен мылтық.

Жеті шелпек

Ұлттық дәстүрдегі 7 санына қатысты тағылымды ұғымдардың бірі.

Балалар 7 саны туралы көп мәлімет айтқаннан кейін, түлкі де Бауырсаққа тимей, оны босатады. Бауырсақ өз ізімен домалап, ата-әжесіне аман-есен қауышады.

4) Бекіту: 7 саны туралы қорытынды

Негізгі сұрақ

Тапсырмаларды орындау барысында қай санды көбірек естідік? 7 санын.

Сандық қатардағы орны

7 саны сандық қатарда 6-дан кейін тұрады:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Құрамы

7 саны жеті бірліктен тұрады:

1+1+1+1+1+1+1

Сабақта не істедік?

  • 7 санымен таныстық.
  • Тура және кері санадық.
  • Есептер шығардық.
  • Суреттердің басқы әріптерінен сөз құратып, «жеті» сөзін оқыттық (жапырақ, ешкі, түйе, ілгіш).

Санамақ

1 — дегенім бесік, шықтым содан өсіп.
2 — дегенім елім, далам, тауым, көгім.
3 — дегенім үміт, үміт артар жігіт.
4 — дегенім төзім, төзе білем өзім.
5 — дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.
6 — дегенім ақыл, тыңдағаның мақұл.
7 — дегенім жалау, жүректегі алау.

Сабақ аяқталды. Сандар туралы біліміміздің және мейірімділігіміздің арқасында Бауырсақты құтқардық. Бауырсаққа ақылды болуды тілейміз.

Қорытынды: Бауырсақ тарату.