Фигураларды атау
Сабақтың тақырыбы
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу (1-сынып).
Оқу мақсаттары
Оқушылар нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш сияқты геометриялық фигураларды атайды және бір-бірінен ажыратады.
Сабақтың мақсаттары
Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратып, дұрыс атау: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш.
Жетістік критерийлері
- Геометриялық фигураларды дұрыс атап, ажыратады.
- Кесіндіні сызу және өлшеу әрекеттерін орындай алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Көркем еңбек.
АКТ қолдану
Аудиожазба, таныстырылым, бейнеролик.
Тілдік құзыреттілік
- Негізгі терминдер: кесінді, вырезать.
- Геометриялық фигура атауларын үш тілде аудару (қазақша–орысша–ағылшынша).
Алдыңғы білім
Оқушылар түзу, кесінді және сынық сызық туралы бұрын алған білімдерін еске түсіреді және қолданады.
Сабақтың басы (6 минут)
Психологиялық ахуал
Бейнеролик арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, сабақ басталады.
Топқа бөлу және қызығушылықты ояту
Үстел үстіндегі қиылған түрлі-түсті жіптер арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
Сұрақ
Жіп неге ұқсайды?
Жауап: түзу сызық.
Практикалық әрекет
Түтікшенің бір шетін ермексазбен біріктіргенде қандай фигура шығады?
Жауап: сәуле.
Қосымша сұрақ
Егер түтікшенің екі ұшын тұйықтасақ, қандай фигура шығады?
Жауап: кесінді.
Өлшеу тапсырмасы
Оқушылар түтікшелерді өлшеп, ұзындығын айтады. Осы әрекет арқылы сабақтың тақырыбы шығарылады: «Кесіндіні өлшеу».
Өмірмен байланыстыру
Терезе неге ұқсайды?
Қолшатыр неге ұқсайды?
Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? Геометриялық фигуралар.
Сонымен қатар, кесінді өмірде қай жерде кездесетінін мысалдар арқылы талқылаймыз.
Сабақтың ортасы
1) Кесіндіні сызып үйрен
Бұл тапсырма оқушылардың кесіндіні сызу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Алдымен кесіндіні қалай сызуға болатыны сұралады. Кейін оқулықтағы кесіндіні сызу алгоритмімен танысып, сол қадамдарға сүйене отырып қағазға кесінді сызу ұсынылады.
Соңында оқушылар жұппен жұмыс істеп, бір-бірінің жұмысын тексереді.
2) Фигураларды атау
Тапсырманың негізгі мақсаты — фигураларды қатесіз атап, оларды күнделікті өмірдегі заттармен байланыстырып айтуға үйрету.
Топпен жұмыс
Әр топқа арнайы тақтайша беріледі. Оқушылар фигураларды тақтайшаға орналастырып, атауларын дауыстап айтады.
3) Өтілген тақырыпты қамту: диаграмма құру
Оқушылар диаграмманы дұрыс орналастыруды және оның екі түрде құрылатынын біледі. Топпен жұмыс барысында мына сұрақтар талқыланады:
- Диаграмма дегеніміз не?
- Оны қалай құрамыз?
- Қалай қолданамыз?
Бағалау үшін критерий құрылады және балл қою арқылы қорытынды жасалады.
Дескриптор
- Диаграмманы құра алады.
- Диаграмманы дұрыс орналастыра біледі.
Мәлімет
- Мектеп
- Северный орта мектебі
- Мұғалім
- Закиева Г. Н.