Домбыраның құрылысымен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Нағыз қазақ – домбыра
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Қазақ халқының негізгі музыкалық аспабы – домбыра туралы түсінік беру.
- Домбыраның пайда болуы жайлы аңыз түрлерін таныстыру.
- Домбыраның құрылымымен таныстыру.
Дамытушылық
Түрлі аспапта орындалған шығармаларды тыңдау арқылы қабылдау қабілетін дамыту, ұлттық аспаптарды ажырата білуге үйрету, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік
Ұлттық өнерді қастерлеуге, өнер адамдарына сүйіспеншілікті арттыруға, ұлттық аспаптарға қызығушылықты тәрбиелеу.
Негізгі ой
Домбыра – біздің ұлттық аспабымыз. Оны әрбір қазақ баласы қадірлеп, әр қазақ шаңырағында төрге іліп, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп сақтаған қасиетті өнер мұрасы екенін ұғындыру.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Қолданылатын технология
- СТО технологиясының элементтері, ойын технологиясының элементтері
- Әдістер
- Түсіндіру, көрсету, ертегі тыңдау, мультфильм көру, сұрақ-жауап, ән тыңдау, ән айту, ойын ойнау, әуенді-қимылдар жасау.
Көрнекіліктер
- Қазақтың ұлттық аспаптарының суреттері
- Үнтаспа
- Карточкалар
- Домбыра аспабы
- Құрманғазы мен Динаның суреттері
- Теледидар
Сабақ барысы
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды музыка залына Құрманғазының «Балбырауын» күйімен қарсы аламын.
Шаттық шеңбері
Сәлем, сәлем, Алтын күн! Сәлем, сәлем, Жер ана! Сәлем, сәлем, жан досым, Сәлем, сәлем, баршаңа. Жылуыңа жылу қос, Міне, менің қолым бос.
Бүгін сабағымызға апайлар қатысады. Олай болса, барлығымыз қонақтармен амандасайық.
Іздену-ұйымдастыру кезеңі
Балаларды 3 топқа бөлемін.
«Елес жетелеу» стратегиясы
Балалар, қазір сендерге бір ән тыңдатамын. Әннің не туралы екенін айтып беріңдер.
Музыка тыңдау
Б. Бейсенова – «Домбыра»
Дұрыс айтасыңдар! Бүгін біз ұлттық аспабымыз – домбыраның құрылысымен және шығу тарихымен танысамыз.
Домбыра туралы қысқаша ойтолғау
Ертеде көшіп-қонып жүрген қазақ жұрты домбыраны шаңырағында қастерлеп, төрге іліп, ұрпаққа аманат етіп сақтаған. Кең даланы мекендеген ел үшін домбыра — ең аяулы, ең қасиетті аспап.
Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл-ойы мен көңіл күйі жатыр. Домбыра — елдің көне шежіресі, көпті көрген қарияның жүрек үні.
Ертегі тыңдату
Бүгінгі сабағымызға әжеміз қонаққа келді. Ендеше, әжемізден домбыраның шығу тарихына қатысты аңызды тыңдап көрейік.
Ертегі: «Мұңлық – Зарлық»