Құрмалас сөйлемЕкі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді

Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Салалас

Жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

Сабақтас

Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Құрамына қарай: бағыныңқы және басыңқы.

Аралас

Кемінде үш сөйлемнен құралып, сөйлемдер бір-бірімен әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысады.

Салалас құрмалас сөйлем

Жасалу жолы

  • Жай сөйлемдер мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.

Мысалдар

Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды.

Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Анықтамасы

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Құрамына қарай: бағыныңқы және басыңқы сөйлем.

Жасалу жолдары (бағыныңқы баяндауыш)

Шартты рай

-са, -се

Көсемше

-а, -е, -й, -ып, -іп, -п; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

Есімше

-ған, -ген, -қан, -кен; -дықтан, -діктен; -мен; -ша, -ше; -да, -де

Болымсыз етістік тұлғалары

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; -й, -йынша, -йінше, -стан, -стен

Мысалдар

Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.

Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

Аралас құрмалас сөйлем

Жасалу жолы

Құрамындағы кемінде үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады, ал қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді. Сондықтан сөйлемдер салаласа да, сабақтаса да байланыса алады.

Мысал

Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.