Сыныпты топқа бөліп, топпен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік мақсаты
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы формуласын қолдануды үйрету және есеп шығаруда оны дұрыс пайдалануға дағдыландыру.
2) Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды ұқыптылыққа, өз ойын жүйелі әрі дәйекті түрде жеткізе білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық мақсаты
Тақырыпты меңгеру барысында ассоциация әдісі мен сәйкестік тестін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру; ой-өрісін кеңейту; ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі
- Компьютер
- Слайдтар
Сабақтың типі
Білім мен білікті қалыптастыру сабағы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылардың қатысуын тексеру.
- 2 Сыныпты топтарға бөліп, топтармен таныстыру.
- 3 Бағалау парақтарын тарату.