Мұқағали Мақатаев Шәмшіге оқитын

Әдеби-музыкалық кештің мақсаты

1) Тұлғаны таныту

Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен таныстыру.

2) Өнерді насихаттау

Шәмші әндерін жасөспірімдерге кеңінен насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жаңа жұлдыздардың шығуына ықпал ету.

3) Тәрбиелік мән

Ұлы сазгер Ш. Қалдаяқовтың әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен материалдар

Кеш мазмұнын байыту үшін төмендегі материалдар ұсынылады:

  • 1

    «Қазақ вальсінің королі» Ш. Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің қорытындылары.

  • 2

    Қазақтың әйгілі тұлғаларының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері (дәйексөздер топтамасы).

  • 3

    Әндер жинағы және ноталық материалдар.

  • 4

    Өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм және қосымша мультимедиа.

Кештің ашылуы: жүргізуші сөзі

1-жүргізуші

Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын! Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән — бұлақтан» атты ән кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Адам жылап туады, Жатады оны жұбатып. Және жылап өтеді, Өзгені де жылатып. Жылайтыны туа сап, Жамандар бар қинайтын. Жылайтыны өлгенде, Жақсылар бар қимайтын.

Осылай деген уа, Қадір аға, неткен ерсің. Қазақ халқының біртуар перзенті, «вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының, яғни социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. Дегенмен, ұлы дарын өмірден өтсе де, ел көңілінен кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын ата мекені де әлдилеп жүр.

Бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын да — Шәмші әуендері.

Оқылым

Шәмші Қалдаяқовтың өмірі жайлы қысқаша дерек оқылады.

Бағдарлама: орындалатын әндер

Кеш барысында төмендегі әндер мен шығармалар ұсынылады (орындаушылар орнына кейін нақты есімдер енгізіледі).

  1. «Арыс жағасында»

    Сөзі: Мұхтар Шаханов

    Орындайтын: __________________

  2. «Ақ бантик»

    Сөзі: Мұхтар Шаханов

    Орындайтын: __________________

  3. «Ана туралы жыр»

    Сөзі: Ғафу Қайырбеков

    Орындайтын: __________________

  4. «Кешікпей келем деп ең»

    Сөзі: Мұхтар Шаханов

    Орындайтын: __________________

  5. «Дүнген қызы»

    Әні: Шәмші Қалдаяқов

    Орындайтын: __________________

    Бірде-бір қуаныш дастарханы Шәмшінің әуезді әндерінсіз өтпейтін. Кең пейілді, ешкімді жатырқамайтын сазгердің тағдыры да қаталдау болды: үй-күйсіз жүрген кезеңдері кездескен. Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған тұста туған «Дүнген қызы» әнін қабыл алыңыздар.

  6. «Бақыт құшағында»

    Сөзі: Тұманбай Молдағалиев

    Орындайтын: __________________

  7. «Өмір өзен»

    Сөзі: Мұхтар Шаханов

    Орындайтын: __________________

  8. «Шынарым»

    Арнау: Ғазиза Жұбанова

    Орындайтын: __________________

  9. Мұқағали Мақатаевтан оқылым

    Арнау: Шәмшіге

    Оқитын: __________________

  10. «Отырардағы той»

    Әні: Шәмші Қалдаяқов

    Орындайтын: __________________

  11. «Бәрінен де сен сұлу»

    Лирикалық ән

    Орындайтын: __________________

    Қырық жылдан астам шығармашылық жолында Шәмші 300-ге жуық ән жазды. Әндерінің басым бөлігі — лирика, махаббат тақырыбы. Бұл туындыларды жұртшылық студенттік және отбасылық кештерде, мерекелер мен демалыс сәттерінде әуелетіп шырқап келеді.

  12. «Ән аға» (немесе «Шәмшімен сырласу»)

    Естелік-әңгіме

    Орындайтын: __________________

Әннің туу себебі: Анаға арналған мәңгілік үн

Нәр берген кім?

Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған — Ана. Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші де — сол Ана. Ана — теңдесі жоқ, таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлері ананы жырламай өтпейді.

Шәмшіні ән әлеміне жетелеген оқиға

«Ана туралы жыр» әнінің тууына себеп болған — Шәмшіні ән дүниесіне бастаған аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Бұл қасірет сазгердің жүрегін тербеп, жанын жаралады.

Естелік үзінді (1959 жылғы 4 қыркүйек)

Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады:

Анасы: «Балам, жалғыз тілегім — сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам».

Шәмші: «Апа, қарыздармын саған… Қарыздармын, апа. Сенің басыңа кесенедей ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын, ешқашан ұмытылмайтын ескерткіш етіп қалдырамын».

Шәмші бұл уәдесін екі жылдан соң, 1961 жылы орындады. «Ана туралы жыр» — ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы, аналарға арналған әнұран іспетті туынды.

Шәмші туралы ой: уақыт, тағдыр, халық жүрегі

1990 жыл: 60 жас мерейтойындағы жауап

1990 жылғы 17 тамызда Шәмші Қалдаяқов 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде өткен мерейтойлық жиында көпшілік тарапынан түрлі сұрақ қойылды. «Шығармашылық жолыңызда сізді ренжіткендер болды ма?» деген сауалға ол былай деген:

«Мен өмірде қанша ән жазсам, сонша жылаған болуым керек… Маған жақын нәрсе — халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт “Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де өзімнен” деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Әндерімнің болашағы — халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әндерім де бар».

1991 жыл: құрметті атақ

1991 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа «Халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Бұл марапат 60-тан асқан шағында берілді. «Ұлық па, кішік пе?» деген ой — уақыттың өз сауалы. Алайда халықтың жүрегіндегі атақ әрдайым биік болды.

«Менің Қазақстаным»: арманның ақиқаты

Тәуелсіздікке үндеген әуен

«Менің Қазақстаным» деп шырқаған жастардың арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқы үшін бостандыққа ұмтылудың ұзақ жолында Шәмші әнінің де рухани әсері айрықша болды.

1986 жылғы 16 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика алаңына «Елім-ай» әнімен бірге осы әнді де айтып шықты.

Әннен шумақ

Қазақстан — мерейім, Сені төрден көрейін. Жеңісіңе желпініп, Жемісіңді терейін.

Қорытынды орындалым

Хор: «Менің Қазақстаным»

Кештің жабылуы

Олай болса, бүгінгі «Нәр берген ән — бұлақтан» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

Шәмші әндерін өз шамамызша шырқап, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші ағаның алдында бас иеміз.

Кешке қатысқандарыңызға көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!