Өлеңнің түйінді ойын айтып, қорытындылау
ЖББ Қарауыл гимназиясы КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Исайн Мейрамгүл Сайлауханқызы
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, 5-сынып, Әдебиет (Атамұра, 2010 ж.)
Сабақ тақырыбы
Жұбан Молдағалиев: «Ар–ұят туралы»
Жалпы мақсаттар
- Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу.
- Өлеңде айтылған ой-пікірлерді толықтыра отырып, мағынасын ашу.
- Өлеңнің түйінді ойын айтып, қорытынды жасау.
Түйінді идеялар
Қазақ халқы үшін ар-ұят — ең жоғары құндылық.
Ар-ұят — парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші өлшем.
Арлы, ұятты, намысты адам өз елін, жерін, ұрпағын мәңгі қорғайды.
Оқыту нәтижелері
- Өлеңді композициясына қарай бөлімдерге бөліп, жоспар құрады.
- Өлеңдегі ой-пікірлерді өз көзқарасымен толықтырды.
- Тапсырмаларды орындай отырып, өлең мазмұнын түсіндіріп, түйінін анықтады.
Дереккөздер мен құралдар
Сабақ кезеңдері мен әдіс-тәсілдер
1) Қызығушылығын ояту
«Жақсы тілек — жан жылуы»
Оқушылардың бір-біріне жылы тілек айтып, жағымды орта қалыптастыруы.
Топқа бөлу
Адам бойындағы қасиеттерге байланысты оқушыларды топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: «Өрмекші торы» әдісі
Мұғалім әдістің орындалу тәртібін түсіндіріп, оқушылардың жауаптарын жүйелі түрде тыңдайды.
2) Мағынаны тану
«Өз жартыңды тап» (ақынның өмірбаяны)
Әр топқа ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат жазылған қағаздар таратылады; оқушылар деректерді сәйкестендіріп, толық сурет құрастырады.
«Мақал — сөздің мәйегі» (тақырыпты меңгеру)
Ар-ұят туралы мақал-мәтелдерді айтқызып, мағынасын талдату арқылы тақырыпты бекіту.
«Ойлан, жұптас, талқыла» (талдау)
Әр топ өлеңді оқып, мағынасын түсінеді; негізгі ойды анықтап, ойларын жазбаша түрде жинақтап, жұпта және топта талқылайды.
3) Сергіту сәті
«Сәлемдесу» ойыны
Мұғалім амандасу түрін айтады, ал оқушылар белгі берілген сәтте тез қимылдап, бір-бірімен әртүрлі тәсілмен амандасады.
4) Бекіту және тексеру
Мюнстенберг әдісі (шатасқан әріптер)
Оқушылар шатасқан әріптерден жаңа сабаққа қатысты сөздерді құрастырады.
«Серпілген сауал» (сұрақ–жауап)
Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар жазылған қағаздар оқушыларға таратылып, жауаптары талқыланады.
5) Ой толғаныс
Постер құру (ар-ұят туралы)
Оқушылар ар-ұят тақырыбы бойынша постер әзірлеп, негізгі ұғымдарды көрнекі түрде ұсынады. Мұғалім жұмыс талаптарын нақтылап, бағыт береді.
6) Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар бір-бірінің жұмысынан екі жақсы тұсын атап, бір жақсартуға бағытталған ұсыныс айтады. Қорытынды бағаны мұғалім қояды.
7) Үй тапсырмасы
- «Ар-ұят туралы» өлеңінен бір бөлімін жаттау.
- Ар-ұятқа қатысты мақал-мәтелдер жазып келу.