Пішіндер қай жағында

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (ортаңғы топ)

Білім беру саласы: Таным Бөлімдер: Қоршаған ортамен танысу Қарапайым математикалық ұғымдар

Тақырып

Ғажайып әлемге саяхат

Мақсаты

  • Көлік түрлерін, мамандықтарды, түстерді, пішіндерді қайталау және бекіту.
  • 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды үйрету.
  • Ойлау қабілетін, зейінді дамыту; сыйластық пен достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • Көлік түрлерінің суреттері (ойыншық көліктер).
  • Мамандықтар суреттері.
  • Пішіндер, карточкалар.

Билингвальді компонент

Мамандық:
профессия — profession
Көлік:
транспорт — transport

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Тәрбиешінің сөзі

Балалар, қараңдаршы, бүгін ерекше күн: бізге қонақтар келді.

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды күніміз. Қайырлы таң, балалар!

Балалардың әрекеті

Балалар қозғалыс жасай отырып, өлең жолдарын бірге айтады және бір-бірімен сәлемдеседі.

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Жыл мезгілдері туралы сұрақ-жауап

  • Сұрақ:

    Жылдың неше мезгілі бар? Қандай мезгілдер?

    Балалардың жауабы: Төрт: Қыс, көктем, жаз, күз.

  • Сұрақ:

    Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Атаңдар.

    Балалардың жауабы: Қыс. Үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Сұрақ:

    Қыста қандай өзгерістер болады?

    Балалардың жауабы: Балалар өз ойларын айтады.

Келесі қадам: Енді орталықтарға бөлінеміз: шығармашылық орталығы және сюжетті ойын орталығы.

«Ғажайып әлемге саяхат» кіріспесі

Балалар, ғажайып әлемге саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Менің қолымда сиқырлы таяқша бар — соның көмегімен түрлі әлемдерге «сиқырмен» барамыз.

Оқу мақсаты (бекіту):

  • Көлік түрлерін топтастыру.
  • Пішіндерді атау, түстерін ажырату.
  • 1–5 аралығында тура және кері санау.
  • Мамандықтарды тану және құралдарымен сәйкестендіру.

Көліктер әлемі

Сұрақ: Балалар, не көріп тұрсыңдар? Бір сөзбен қалай айтамыз?

Балалардың жауабы: Көліктер.

Сұрақ: Көліктердің түрлері неше топқа бөлінеді?

Балалардың жауабы: Үш топқа: әуе көліктері, тасжол көліктері, су көліктері.

Әуе көліктері

Ұшақ, тікұшақ т.б.

Тасжол көліктері

Көлік, автобус т.б.

Су көліктері

Кеме, қайық т.б.

Тапсырма: Көліктерді өз тобына орналастырыңдар.

Нәтиже: Балалар көліктерді топтастырады.

Қорытынды: Сендер көлік түрлерін өте жақсы білесіңдер!

Пішіндер әлемі

Пішіндер

Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша.

Түстер

Қызыл, сары, көк, жасыл, тоқсары.

Санау тапсырмасы

Пішіндерді 1-ден 5-ке дейін тура және кері санап беріңдер.

Ойын: «Пішіндер қай жағында?»

Бір бала ортаға шығады. Қалған балалар пішіндерді бағыт бойынша орналастырады:

  • оң жағына — тіктөртбұрыш,
  • сол жағына — сопақша,
  • арт жағына — дөңгелек,
  • алд жағына — шаршы.

Ойын: «Өз пішініңді тап»

Әр балаға пішін таратылады. «Өз жұбыңды тап» дегенде, балалар өз пішініне ұқсас пішіннің артына барып тұрады.

Бақылау: Балалар ойынға қызыға қатысады.

Қорытынды: Пішіндерді, түстерді және тура-кері санауды жақсы меңгердіңдер.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өсіп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

Сұрақ: Өскенде қандай мамандық иесі болғыларың келеді?

Балалардың жауабы: Балалар өз ойларын айтады.

Мамандықтар әлемі

Жұмбақтар арқылы таныстыру

  • Жұмбақ

    Ішті де, тісті де емдейтін ақ халатты абзал жандар кімдер?

    Жауабы: Дәрігерлер.

  • Жұмбақ

    Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді. Ол кім?

    Жауабы: Тәрбиеші.

Сұрақ-жауап (мамандықтарды нақтылау)

Біз қайда тұрамыз?

Үйде.

Үйді кімдер салып береді?

Құрылысшылар.

Ауырғанда кімдер емдейді? Қайда жұмыс істейді?

Дәрігерлер, ауруханада.

Балабақшада кім қарсы алады және тамақты кім дайындайды?

Тәрбиеші, аспазшы.

Шашымызды қайда алдырамыз?

Шаштаразда.

Өрт болғанда кімдерді шақырамыз?

Өрт сөндірушілерді.

Аяқ киім жыртылса, кімге барамыз?

Етікшіге.

Білімді кім береді?

Ұстаздар.

Практикалық жұмыс: «Мамандық және құралдары»

Үстел үстіндегі суреттерден мамандықтарды олардың құралдарымен сәйкестендіріп орналастырыңдар.

Нәтиже: Балалар әр мамандыққа тиесілі құралдарын дұрыс орналастырады.

Жұмыстар көрмесі және қонақтарға дәм ұсыну

  • Балалардың жұмыстарын бірге тамашалау (суреттер).
  • Балалардың пісірген тоқаштарын көрсету.
  • Қонақтарға тоқаштан дәм татқызу.

Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек

Түстер, пішіндер, мамандықтар және көлік түрлері туралы бастапқы түсінік.

Нені игерді

Пішіндерді және олардың түстерін ажыратуды, 1–5 аралығында тура және кері санауды, мамандықтарды тануды және көліктерді үш топқа бөлуді меңгерді.

Нені істей алады

Берілген тапсырмаларды өз бетінше орындап, ойындарға белсенді қатыса алады.