Жаңа сабақ Мағынаны тану кезеңі

Сабақ тақырыбы

Ашық және қысаң дауыстылар

Сабақ мақсаттары

1) Білімділік мақсат

Дауысты дыбыстардың жасалу жолдары, соның ішінде жақтың қатысына қарай бөлінуі туралы білім беру және оқушылардың білімін тереңдету.

2) Тәрбиелік мақсат

Тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге және сөзді дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

3) Дамытушылық мақсат

Сызба, кесте және қосымша материалдармен өздігінен жұмыс істей білуге үйрету, өз бетімен талдау жасау дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сын тұрғысынан ойлау, СКТ

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, гүлдер, семантикалық карта, тақырыптық сызбалар.

Сабақтың жүру барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

  2. II

    Үй тапсырмасы — «Ой қозғау» кезеңі

  3. III

    Жаңа сабақ — «Мағынаны тану» кезеңі

  4. IV

    Сабақты бекіту — «Ой толғаныс» кезеңі

  5. V

    «Қайталау — оқу анасы»

    Лексика тарауын қайталау.

  6. VI

    Үйге тапсырма

  7. VII

    Бағалау

Кезеңдер бойынша нақты жұмыс

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасы — «Ой қозғау» кезеңі

  • 243-жаттығуды тексеру.
  • Жұмбақты шешу арқылы дыбыстарды ажырату.
  • Кестені толтыру: ережесін айта отырып, дыбыстарды жазу.