Қатаң дауыссыздарды ата

Іс-шара туралы

ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы — Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темиргалиева Фарида Турсунғалиевна ұйымдастырған 3-сынып оқушыларына арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сағаты.

Мақсаты

  • Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру.
  • Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.

Негізгі қағида

Әр кезеңде білім, тапқырлық және жылдамдық сыналады. Сайыс соңында ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушы көшбасшы атанады.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Армысыздар, құрметті қонақтар! Ағайын мен халайық!

Көпшіл болған ер дана — достары болар әр сала.

Өнерліден үлгі алып, салдырар сәнді мол қала.

Өнерлімен дос болсаң, қиялыңды қозғайды.

Оқушының үндеуі

Уа, халайық, халайық! Бәріне жар болайық!

Бүгінгі кеш төрінде, математика елінде,

есеп шешіп жарысып, жұмбақ шешіп аңдысып,

шабыт тасып, шалқысып — көңілді кеш жасайық.

Ал, сайыскер балалар, білімдеріңді сынайық,

ХХІ ғасыр көшбасшысын табайық!

Қатысушылар мен қонақтарға арналған бөлім

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді 3-сынып оқушылары арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын тамашалауға шақырамыз.

Әділқазылар алқасы сайланып, алдын ала белгіленген нөмірлер бойынша сайыскерлер таныстырылады.

Біреудің жүрегінің түгі бар,

Біреудің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де ең бастысы — барлығының

қат-қабат істейтін миы бар.

Сайыскерлерге тілек

Ғылымның сырын ұғына,

шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік

жеткізер сіздей өренді

математика сырына!

Қадамдарың оң болсын, сәт-сапар тілейміз!

Жарыстың шарты

Ұпай қою

Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Іріктеу

Екі турдан кейін ұпайы төмен оқушылар ойыннан шығады.

Қорытынды

Сайыс соңында бір ғана оқушы — «көшбасшы» қалады.

Турлар

  1. 1-тур: Өзін таныстыру
  2. 2-тур: Бәйге
  3. 3-тур: Көкпар
  4. 4-тур: Жеті жұмбақ
  5. 5-тур: Мың бір мақал
  6. 6-тур: Білімпаз

2-тур: Бәйге (сұрақ-жауап)

Жалпы білім сұрақтары
  1. Қазақстан Республикасының Президенті алғаш рет қай жылы сайланды?

    Жауап: 1991 жыл, 1 желтоқсан.

  2. Ахмет Байтұрсынұлы кім?

    Жауап: Қазақ халқының ғалымы, тіл білімінің атасы.

  3. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?

    Жауап: 1992 жыл, 4 маусым.

  4. Әлемдегі ең үлкен көл?

    Жауап: Каспий теңізі.

  5. Қазақстанның Ата заңы қай жылы қабылданды?

    Жауап: 1995 жыл, 30 тамыз.

  6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

    Жауап: 1991 жыл, 16 желтоқсан.

  7. Біз қай облыс, ауданның ауылымыз?

    Жауап: ШҚО, Көкпекті ауданы.

  8. Желтоқсан құрбандары кімдер?

    Жауап: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза тапқан және қуғын-сүргін көрген жастар.

3-тур: Көкпар (математикалық тапсырмалар)

  1. 1) Ұзындығы 4 см, ені 2 см тіктөртбұрыштың периметрі қандай?

  2. 2) Қабырғасы 5 см шаршының периметрін тап.

  3. 3) 12 см кесіндінің ширегін тап.

  4. 4) Әлібек бір айда 6 ертегі оқиды. Осы қарқынмен бір жылда неше кітап оқиды?

  5. 5) Ең үлкен үш таңбалы санға 1-ді қоссақ, қанша болады?

  6. 6) 1000 шығу үшін 550-ге қандай санды қосу керек?

  7. 7) Бірдей 5 ыдыста 45 кг бал бар. Бір ыдыста неше кг бал бар?

  8. 8) Бір санды өрнек және бір әріпті өрнек келтір.

  9. 9) Миллионда неше нөл бар?

4-тур: Жеті жұмбақ

Жұмбақтар

  1. 1) Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.

    Жауап: Киіз үй.

  2. 2) Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы.

    Жауап: Мектеп.

  3. 3) Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу.

    Жауап: Түлкі.

  4. 4) Бір санға өсірді, өзі қалып орнында, бізді алға көшірді.

    Жауап: Сынып.

Жұмбақтар (жалғасы)

  1. 5) Екі аяқпен кезек-кезек тебеді, ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді.

    Жауап: Доп.

  2. 6) Ағайынды бес туыс, жамылатын тоны бар. Бесеуінде бір қуыс, сырттан кірер жолы бар.

    Жауап: Қолғап.

  3. 7) Кіп-кішкентай екі көзі — қалай көреді өзі? Қол екен ұзын мұрны, сол мұрынмен тамақ тауып жүреді.

    Жауап: Піл.

  4. 8) Болса да көкте мекені, кездеспейді екеуі.

    Жауап: Ай мен Күн.

5-тур: Мың бір мақал

Мақалдың басын жүргізуші айтады, ал жалғасын оқушылар толықтырады.

  1. 1) Найзасыз ер болмайды, …

    Жалғасы: таңбасыз ел болмайды.

  2. 2) Туған жердің жері де көрікті, …

    Жалғасы: елі де көрікті.

  3. 3) Ақыл — тозбайтын тон, …

    Жалғасы: білім — таусылмайтын кен.

  4. 4) Білімдіге дүние жарық, …

    Жалғасы: білімсіздің күні кәріп.

  1. 5) Оқу — білім азығы, …

    Жалғасы: білім — ырыс қазығы.

  2. 6) Қына тасқа бітеді, …

    Жалғасы: білім басқа бітеді.

  3. 7) Егіннің жайын еккен білер, …

    Жалғасы: арбаның жайын жеккен білер.

  4. 8) Диқаншы жерін мақтайды, …

    Жалғасы: балықшы көлін мақтайды.

Көрерменмен ойын (1-бөлім)

  1. 1) Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?

    Жауап: Теңге.

  2. 2) Астананың бұрынғы атауы?

    Жауап: Ақмола.

  3. 3) Астана қаласының маңындағы ірі өзендер?

    Жауап: Нұра, Есіл.

  4. 4) Елтаңба авторлары?

    Жауап: Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.

  5. 5) Қазақтың тұңғыш ғарышкері?

    Жауап: Т. Әубәкіров.

  6. 6) Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады?

    Жауап: 14.

  7. 7) ҚР Әнұранының авторлары?

    Жауап: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; әні — Ш. Қалдаяқов.

  8. 8) Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы?

    Жауап: Ы. Алтынсарин.

6-тур: Білімпаз

  1. 1) Аспанда 6 құс ұшып жүр. Аңшы екеуін атып алды. Неше құс қалды?

    Жауап: 2 құс қалды, қалғаны ұшып кетті.

  2. 2) Ойлаған санды 4-ке бөліп, оған 26-ны қос. 30 шықты. Ойлаған сан неге тең?

    Жауап: 16.

  3. 3) Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

    Жауап: Зат есім.

  4. 4) «Қандай?», «Қай?» сұрақтары қай сөз табына тән?

    Жауап: Есімдік.

  5. 5) Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.

  6. 6) Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  7. 7) Қай кезде бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

  8. 8) Тау жыныстары нешеге бөлінеді?

  9. 9) Киіз үйдің керегесін құрайтын ағаш қалай аталады?

    Жауап: Тал.

  10. 10) Қол сүйектерін ата.

    Жауап: Қол басы, саусақ, шынтақ, кәрі жілік, тоқпан жілік.

  11. 11) Дені сау адамның тамыры бір минутта неше рет соғады?

    Жауап: 60–80 рет.

  12. 12) Сезім мүшелерін ата.

    Жауап: Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

Көрерменмен ойын (2-бөлім)

  1. 1) Шөл кемесі?

    Жауап: Түйе.

  2. 2) Сауат ашатын кітап?

    Жауап: Әліппе.

  3. 3) 24 сағат?

    Жауап: Тәулік.

  4. 4) Мұсылманның қасиетті кітабы?

    Жауап: Құран.

  5. 5) Шығыс Қазақстан облысының орталығы?

    Жауап: Өскемен.

  6. 6) Тісі түскен адам?

    Жауап: Кетік.

  7. 7) Қой пірі?

    Жауап: Шопан ата.

  1. 8) 100 жыл?

    Жауап: Ғасыр.

  2. 9) Байланыс аппараты?

    Жауап: Телефон.

  3. 10) Мұсылмандардың діни ғимараты?

    Жауап: Мешіт.

  4. 11) 7 күн?

    Жауап: Апта.

  5. 12) «Жақсы» сөзінің антонимі?

    Жауап: Жаман.

  6. 13) Ер қанаты?

    Жауап: Ат.

Қорытынды

Осылайша сайыс кезеңдері аяқталады. Әділқазылар алқасы жалпы ұпайды есептегенше, финалға дейін жеткен оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.

Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз. Білімділік пен ізгіліктің әрдайым серік болып, алдағы оқу жолында табыстарыңыз арта беруіне тілектеспіз.