Слайд Қыш кітаптар тарихы
Сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан шығады?»
Бұл кіріктірілген сабақ оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны мен құндылығын терең түсіндіруге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және алған білімді талдап, ойды нақты тұжырымдап айтуға үйретуге бағытталады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: кітаптың баға жетпес білім қоры, құнды әрі бағалы дүние екенін ұғындыру.
- Дамытушылық: кітап оқуға саналы түрде баулу, өз білімін талдап, ойды тұжырымдауға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: көркем сөйлеуге, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу; білім арқылы жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Сабақтың форматы
- Түрі:
- кіріктірілген сабақ.
- Әдістері:
- сын тұрғысынан ойлау элементтері, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, көрнекіліктер арқылы қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар
- Көрнекіліктер: тірек сызбалар, суреттер, кітаптар.
- Техникалық құралдар: теледидар, слайд түріндегі бейнематериал, үнтаспа.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындау. Сабаққа ортақ «келісім-шарт» құру:
- Тәртіпті болу.
- Сабаққа белсенді қатысу.
- Қол көтеріп, қатесіз, саспай жауап беру.
II. Ой шақыру
Балалар, біз әдепті болуды кімнен үйренеміз?
Әдептілікке бізді кімдер тәрбиелейді?
III. Өткенді пысықтау
Төмендегі сұрақтарға жылдам жауап береміз.
- Айналадағы дүниенің неше бұрышы бар?
- Біздің ауылда қандай ұлт өкілдері тұрады?
- Отбасы қоры дегеніміз не?
- «Ақ алтын» дегеніміз не?
- 24 айда неше жыл бар?
- Анаңның анасы саған кім болады?
- Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
- Туыстар арасындағы қарым-қатынасты ата.
- Мектепті кім басқарады?
- «Біздің ауылда әлі мектеп салынбаған болатын. Мектеп салынып біткенше біз осылай оқыдық» деген үзінді қай тақырыптан?
- Туыс қыздардың балалары бір-біріне кім болады?
- Күн мен түн неліктен ауысады?
- Қайын жұрт пен өз жұрт арасындағы туыстық атау қандай?
- Ең суық ғаламшарды ата.
- Экватор сызығы ғаламшарды қандай бөліктерге бөледі?
- Аңыздағы хан шешімін қалай өзгертеді?
- Жер шарында неше құрлық бар?
- Жігіттің неше жұрты бар?
- Ең ыстық ғаламшарды ата.
- Қ. Қайсенов кім?
- Еуразия материгі неше бөліктен тұрады?
- Глобус дегеніміз не?
Қорытынды ой
Кітап — адамзат жинақтаған тәжірибені, білім мен мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сенімді қазына. Сабақтың негізгі міндеті — оқушыны кітапты қадірлеуге, үздіксіз оқуға және алған ақпаратын саналы түрде саралауға бағыттау.