Тәрбиеші баланы жігерлендіруші, қуат беруші

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – нәтижеге бағытталған білім берудің негізі

Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ. Білім – адам баласының ортақ қазынасы.

Ж. Баласағұн

Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», – деп атап өткен болатын. Сондықтан бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз өзгеріп жатқан әлеммен қатар жүретіні анық.

Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, жан-жақты тәрбиелеу мен дамытудың түпкі негізін қалайтын орта. Жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолы – баланың қабілеті, білімі, икемі мен дағдысы, тәжірибесі және көзқарасы жүйелі түрде дамитын ықпалдасқан үдеріс.

Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету және шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күннің басты талабы.

Мектепке дейінгі білім берудегі басты бағдар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталады. Бұл үшін құзыреттіліктің бес білім саласын жүйелі меңгерту қажет.

Денсаулық құзыреттілігі

  • Баланың физикалық саулығына мән беру, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
  • Денсаулық сақтау негіздерін және жеке бас гигиенасы дағдыларын меңгерту.

Тілдік қатынас құзыреттілігі

  • Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту.
  • Сөздерді орынды қолдану, дыбыстарды дұрыс айту және ажырата білу.
  • Байланыстыра сөйлеу, шығармашылық тілдік дағдыларды қалыптастыру.
  • Қатынас мәдениетін сақтау.

Танымдық құзыреттілік

  • Заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған ортаны тану.
  • Құрастырымдық дағдыларды дамыту.
  • Қарапайым математикалық ұғымдарды меңгерту.
  • Ізденіс және эксперименттік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.

Әлеуметтік құзыреттілік

  • Мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
  • Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу мәдениетін дамыту.
  • Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге халықтардың мәдени-адамгершілік құндылықтарын түсінуге бағыттау.

Шығармашылық құзыреттілік

  • Музыка мен өнер туралы білім негіздеріне қызығушылық ояту.
  • Нәтижелі көркемдік іс-әрекетке баулу (түс, пішін, композиция, бейнелеу құралдары және т.б.).
  • Қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан эмоционалдық сезіммен қабылдауды дамыту.

Жаңа мазмұн және оқыту технологиялары

Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологиялары қолданылады. Технология – білім мазмұнын іске асыратын кең мағыналы әдіс-тәсілдер жүйесі.

Оқу іс-әрекетін жоспарлаудағы тәрбиешінің рөлі

Оқу іс-әрекетін жоспарлауда тәрбиешінің білімділігі, ізденімпаздығы, меңгертудегі жүйелілігі және педагогикалық шеберлігі аса маңызды. Балалардың оқу барысында көңіл-күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау; қызығушылығын ояту; белсенділігін арттыру; тапқырлыққа баулу; ойлау мен танымды дамыту үшін пікір алмасу ұйымдастыру; шығармашылық қабілеттерін шыңдау – мұның бәрі тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.

Тәрбиеші – баланы жігерлендіруші, қуат беруші тұлға.

Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой: «Баланы өз әке-шешесінің сезіміндей жақсы көрген ұстаз ғана нағыз ұстаз», – деген. Бұл ойдың мәні терең: тәрбиешінің басты шарты – сәбилерді шынайы жақсы көре білу.

Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың бағыты ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілік құндылықтарға сүйене отырып, жаңа дәуір технологияларын табысты игеруге ұштасады. Осы міндеттерді орындау барысында түрлі тақырыптарды қамтитын оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін көрсетілімдер де өткізіледі.

Интерактивті әдістер: белсенді оқытуға жол

Тиімді оқыту тәсілдерінің бірі – оқу іс-әрекеттерінде интерактивті әдістерді қолдану. Интерактивті әдіс – бірлесе жоғары деңгейде әрекет ету. Оған іскерлік ойындар, рөлдерді орындау, «іскер театр», дамытушылық және логикалық ойындар сияқты жұмыс түрлері жатады.

Бұл әдістерді денсаулық, қатынас, таным, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттіліктерді дамытуға бағыттап қолдану арқылы қоғам талабына сай, өркениетті елдердің білім деңгейіне ұмтылған, жеке тұлғаны жоғары деңгейде қалыптастыруға негізделген жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Ойын: баланың табиғи дамуының өзегі

Ойын – бала табиғатымен егіз. Бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды. Ойын – баланың миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.

В. А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін де емес. Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деп атап көрсеткен.

Шынында да, ойын балалардың шынайы және қиялдан туған «ақиқатқа» еркін енуіне, шығармашылыққа, белсенділікке, өз-өзін дамытуға мүмкіндік береді.

Ойын түрлері және тәжірибедегі қолданылуы

Республикамызға белгілі педагог Қ. Қайым оқу-тәрбие саласында қолданылатын ойындарды үш топқа бөлген. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде мен көбіне үстел үсті, қимылды, рөлдік, кейіпкерлендіру және танымдық ойындарды қолданамын.

Мысал:

Интеллектуалдық ойын: «Ойна да ойлап, балақай!»