Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр
Сабақтың тақырыбы
Дара және күрделі етістіктер
Сабақтың мақсаты
- Дара және күрделі етістік туралы білімдерін пысықтау және толықтыру.
- Өз бетімен жұмыс арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Кеспе қағаздар
- Суреттер
- Суретті мәтін
Сабақ барысы
I. Бағдарлау-мотивациялық кезең
Қызығушылықты ояту. Суретке қарайық: ол неге ұқсайды?
Жауаптар
Жыланға
Тағы
Туға
Тағы
Суға
Тағы
Оюға
Көркем жазу
жылан · су · ту · бұлт (сөздерді дұрыс әрі әдемі жазып шығу)
Сұрақ-жауап
Жылан не істейді?
- шағады
- ысылдайды
- жылжиды
Суретті мәтінмен жұмыс
Сурет орнына тиісті сөздерді жазып, мәтінді оқимыз.
Талқылау сұрақтары
- Болат қандай бала деп ойлайсың?
- Болаттың қылығы дұрыс па?
Болжамды сипаттамалар
қорқақ, қу, өзімшіл, жуас
Қайталау
- Мәтіннен етістіктерді табайық.
- Етістік дегеніміз не?
- Етістікке қойылатын сұрақтарды атайық.
- Етістіктің қандай түрлерін өттік?
II. Операциялық-орындаушылық кезең
1-тапсырма:
Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр.
| Дара етістік | Күрделі етістік |
|---|---|
| Оқыдым | оқып отырмын |
| Жүзді | … |
| Барамын | … |
| Жинады | … |
Оқулықпен жұмыс
365-жаттығу
Жұмбақты шешіп, жауабын тап. Етістікті тауып, дәптерге жаз.
366-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Ой сергіту
Слайдтағы көріністер көрсетілгенде мұғалім зат есімдерді атайды, ал оқушылар соларға сәйкес етістіктерді айтып отырады.
Шығармашылық диктант
Берілген үлгімен өлең құрастырайық:
Мен оқушы…
Жақсы оқу — талабым.
… соң мектепті,
… … …
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі
2-тапсырма:
Берілген әріптен басталатын етістікке мысал келтір (1 минут).
| Әріп | Мысалдар |
|---|---|
| Т | терді, тоқыды |
| Б | бақырды, басты |
| С | сезді, сенді |
3-тапсырма
Ән тыңдап, етістіктерді тап.
Ойын: «Жалғасын тап»
«Ба…» буынынан басталатын етістіктерді жаз (1 минут).
Шығармашылық тапсырма
Берілген сөздерді пайдаланып мақал құрастыр:
Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларға қатысуы мен жауаптарының дәлдігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Мұғалім нұсқауына сәйкес.