Қайталауға арналған сұрақтар
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасына есептер шығару
Білімділік мақсаты
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасының қасиеттерін қолданып есептер шығару дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық мақсаты
Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс қолдану арқылы логикалық ойлауды және математикалық тілде сауатты сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін және білімге ұмтылысын күшейту, шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, ынталандыру, топқа бөлу.
-
2
Ой қозғау
- Қайталауға арналған сұрақтар
- Математикалық диктант
-
3
Мағынаны ажырату
- Семантикалық карта
- Салу есебі
-
4
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары.
-
5
Ой толғаныс
- Деңгейлік тапсырмалар
- Сабақты бекіту
-
6
Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша есептерді орындау.
-
7
Қорытынды
Негізгі ұғымдарды жинақтау, кері байланыс.
Ой қозғау: қайталау және жылдам тексеру
Үшбұрыш түрлері
Үшбұрыштар қабырғалары мен бұрыштарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Қайталауға арналған сұрақтар
- 1.Үшбұрыштың биіктігі деген не?
- 2.Үшбұрыштың биссектрисасы деген не?
- 3.Үшбұрыштың медианасы деген не?
- 4.Үшбұрыштың периметрі деген не?
- 5.Қандай үшбұрыш теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады?
- 6.Қандай үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш деп аталады?
Математикалық диктант
Бос орындарды тиісті сөздермен толықтырыңыз.
- 1) Егер үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады.
- 2) Егер үшбұрыштың бір бұрышы доғал болса, онда үшбұрыш доғал бұрышты деп аталады.
- 3) Егер үшбұрыштың қабырғалары әртүрлі болса, онда үшбұрыш әртүрлі қабырғалы деп аталады.
- 4) Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың медианасы деп аталады.
- 5) Үшбұрыштың төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр үшбұрыштың биіктігі деп аталады.
Автор туралы
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі — Искакова Жанат Исламбекқызы.