Аласа таулар

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Потанин жалпы орта білім беретін мектебі

Тарих және география пәнінің мұғалімі: Елеусизова Нұркамал Мұхтарханқызы

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы (8-сынып)

Сабақ тақырыбы: Аласа таулар

Сабақ мақсаты: оқушыларды аласа таулармен таныстыру.

Сабақ міндеттері

Білімділік

Техникалық нұсқау картасы мен плакат арқылы жұмыс жасатып, білім сапасын арттыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, тапсырмалар арқылы қабілетін жетілдіру және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Еңбекке қызығушылығын ояту, өзіне сенімділігін қалыптастыру, жұмысты өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдыққа және ептілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстары

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Плакат
  • Нұсқау картасы
  • Сұрақ қағаздары

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

Маңғыстау тобы

Сарыарқа тобы

Мұғалжар тобы

2) Жаңа сабақ: Аласа таулар

Тірек сызба (биіктік белдеулері)

Аласа таулар

400–1000 м

Орташа таулар

1000–2000 м

Биік таулар

2000 м-ден жоғары

Аласа тауларға мысалдар: Мұғалжар, Қазақстандағы ұсақ шоқылар (Сарыарқа), Маңғыстау.

Жұмбақ-тапсырма

Географиялық нысандарды атауына қарап табыңыз (теңіз, қақпа, құм, үстірт, өзен, жазық және т.б.).

  1. Еліміздегі теңіз атымен аталған ойпат.
  2. Еліміздегі қақпалар.
  3. Тамақ атымен аталатын құм.
  4. Құс атымен аталатын үстірт.
  5. Өзен атымен аталатын жазық.
  6. Ұлт атымен аталатын жазықтар.
  7. Дене мүшесінің атымен аталатын құм.
  8. Бояу атымен аталатын құм.
  9. Екі атауы бар өзен.
  10. Ғалым атымен аталатын төбешік.

Қорытынды: «Цифрлар сыр шертеді»

Каспий ойысының ең төмен жері

−28 м

Қарақия ойысы

−132 м

Каспий маңындағы төбелер

100–200 м

Хан Тәңірі

6995 м

Үстірттің орташа биіктігі

200 м

Солтүстік Қазақстан жолдары

5–15

Еліміздің аумағы

2 724,9 мың км²

Толық нұсқасын жүктеу.