Ыбырай шығармашылығынан алған білімдерін бақылау

Қазақ әдебиеті (10-сынып)

Бұл сабақ Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жүйелі түрде қайталап, білімді саралауға және оқушылардың талдау дағдыларын нығайтуға бағытталған.

Тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығынан алған білімдерін бақылау және жинақтау.

Міндеттері

1) Білімділік

Ыбырай өлеңдерін талдау арқылы білімді жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар барысында ақын мұрасын тереңірек таныту.

2) Тәрбиелік

Ақынның өмір жолы мен өлеңдері арқылы оқушыларды елін, тілін, әдебиетін және тарихын қадірлеуге; ұлы тұлғаларды ардақтауға; халқына қызмет етуге, адамгершілік пен имандылыққа, асыл қасиеттерді бағалауға тәрбиелеу. Сонымен бірге туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындырып, оқу-білімге құштарлығын арттыру.

3) Дамытушылық

Мәнерлеп оқуға және өз пікірін нақты жеткізуге дағдыландыру; ой-өрісін, сана-сезімін, танымдық қабілеттерін және шығармашылық ізденісін дамыту.