Математикалық поезд
Шығыс Қазақстан облысы • Глубокое ауданы • Алтай кенті
Жаңа Ертіс орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі
Тұрымова Майдан Жакупкановна
Сабақтың тақырыбы
«Математикалық поезд». 9 саны және цифры (слайдтар арқылы).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру.
- 9 санының сандық қатардағы орны туралы білім қалыптастыру.
- 9 цифрын дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Іскерліктерін және ойлау қабілеттерін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Есеп шығаруда шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың құрылымы
- 1 Ұйымдастыру
- 2 Үй тапсырмасын тексеру
- 3 «Математикалық поезд» ойыны
- 4 Қорытынды
- 5 Үйге тапсырма
Психологиялық дайындық
Сынып ережелері
- Басқаның пікірін сыйла.
- Біреу сөйлегенде сөзін бөлме.
- Басқаның пікіріне құлақ сал.
- Ойыңды ортаға сал.
Жылы лебіз
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі бейсенбі күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!
«Математикалық поезд» ойыны
Мақсат: математикалық пойызбен Елордаға жету үшін «Оқып білген» және «Іздемпаз» аялдамаларынан өту.
Өткенді қайталау (сұрақ–жауап)
- 10-ға дейін санау және кері санау.
- Қандай геометриялық фигураларды білесің?
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.
- Қосудың қандай қасиетін білеміз?
- Үшбұрыштың қабырғалары нелер?
- Бұрыштың қабырғалары қандай?
- 5 > 4 теңсіздігін қалай оқимыз?
- 7 < 8 теңсіздігін қалай оқимыз?
- Цифр мен санға анықтама бер.
- 1 + 2 = 3 теңдігін қалай оқимыз?
- 3 − 2 = 1 теңдігін қалай оқимыз?
Билет алу тапсырмалары
1-билет: «Тальго — плацкарт»
ЖұмбақМен бәрінен маңыздымын,
Шатастырам сіздерді.
Егер мен бір айналсам,
Басқа сан болып шығамын.
2-билет: «Тальго — купе»
Талқылау9 санын қандай тәсілдермен шығарып алуға болады?
3-билет: «Тұлпар тальго»
Ойын«Көршісін тап» ойыны: 9… 7… 1… 8… 2…
Поездға отырғызу аяқталды.
Сапарларыңыз сәтті болсын!
Сергіту сәті
Елордаға тез жету үшін арадағы аялдамалардан өтеміз.
«Оқып білген» аялдамасы
Дәптермен жұмыс.
«Іздемпаз» аялдамасы
- 1 Бір бұрышта мысық отыр, оған 3 мысық қарап отыр. Барлығы неше мысық?
- 2 Ең қысқа ай нешесінде бітеді?
- 3 Бір қаздың салмағы 5 кг. Қаз бір аяғымен тұрса, салмағы қанша кг болады?
- 4 3 қойдың аяғы нешеу?
- 5 Бір жұмыртқаны пісіруге 3 минут кетеді. 5 жұмыртқаны пісіруге қанша минут кетеді?
Қонақ үйге орналасу
Кітаппен жұмыс
45-сабақ, 3-тапсырма.
Сан қатары
0 … 4 … 8 …
1 … 5 … 9
Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
Тапсырма беріледі және түсіндіріледі.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.
Қорытындылау
9 саны мен цифры бойынша негізгі ұғымдар бекітіледі.