Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру
Физика пәні мұғалімі
Сүйкімбеков Қайрат Рысқелдиевич
Тақырыптар
- Архимед күші
- Су құбыры
Тақырыбы: Архимед күші
Мақсаты
Архимед заңының табиғат құбылыстарындағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландырып, жауапкершілікке және іскерлікке тәрбиелеу.
Жалпы мақсат
Тапсырмалар арқылы орындаушы ұғымын меңгерту, тапсырмаларды орындау барысында машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
- Табиғаттағы құбылыстардың белгілі бір заңдылықтар нәтижесінде жүретінін ұғынады.
- Сөйлеу, ойлау және болжау қабілеттері артады.
- Жан-жақты ізденуге құштарлығы оянады.
- Өзгенің ойымен санасуға, бағалауға және кеңесуге дағдыланады.
7 модульдің қолданылуы
- АКТ
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Әдіс-тәсілдер
- Миға шабуыл
- АВС әдісі
- ЖИГСО
Ресурстар
- Флипчарт, маркерлер
- Портреттер, тақта, стикерлер
- Ноутбук
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ортаға шығарып, «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастырамын. Сәлемдесемін, сыныптағы оқушылардың қатысуын тексеремін және топқа бөліну тәртібін түсіндіремін.
Топқа бөлу
Оқушылар парақшалардан арнайы жазылған «Сұйық», «Дене», «Күш» сөздерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
Білу кезеңі: «Кім жылдам?»
Интерактивті тақтада «Қайталау — оқу айнасы» бөлімінде әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі.
10 ұпай
Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі қандай? (Сорғы)
20 ұпай
Су сорғысында үлкен рөл атқаратын жылжымалы бөлік қандай? (Поршень)
30 ұпай
Су сорғысының құрылысы қандай және ол қалай жұмыс істейді?
40 ұпай
Шприцтің әрекеті қандай заңға негізделген?
50 ұпай
Ауасыз кеңістікте су сорғысы жұмыс істей ала ма?
Түсіну кезеңі: жаңа тақырыпқа кіріспе
Миға шабуыл
Архимед туралы аңызды видео ролик арқылы көрсетіп, тақырыпқа қызығушылық оятамын.
Постермен жұмыс
Оқушыларға жаңа материалға байланысты ресурстар беріп, өз бетімен дайындалуға бағыттаймын. Кітаппен жұмыс жасап, постер арқылы тақырыпты қорғайды.
Негізгі тұжырым
Архимед заңы: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күш Архимед күші деп аталады.
Материал
Толық нұсқасын жүктеу